Қолданыстағы ред. 19.11.2007

Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы от 19.11.2007 г. № 292 (Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы)

0

Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Xалықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 - баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабын басшылыққа ала отырып, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.

2

2. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. П. Плотникова) халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

3

3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 365 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы» (тіркеу нөмірі 9-15-46, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 21 желтоқсанда № 52 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

6. Халықтың нысаналы топтарының ТІЗБЕСІ

Әкімдіктің
2007 жылғы 19 қарашадағы
қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының ТІЗБЕСІ

1

1. Аз қамтылғандар.

2

2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4

4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5

5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

6

6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7

7. Мүгедектер.

8

8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9

9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) ықтиярсыз емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10

10. Оралмандар.

11

11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

12

12. Елу жастан асқан адамдар.

13

13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

14

14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

15

15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.