О мерах по оказанию социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 24 сәуірдегі 54 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек - үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек - балалардың әрқайсысына 6 айлық есептік көрсеткіші көлемінде тоқсан сайынғы материалдық төлемақы төлеу көмегі көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды төлеу және тағайындаудың қоса берілген ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражаттың уақытында игерілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің қаулысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Келісілді Жарқайың ауданы «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.К.Сидорина 2007 жылы 05.12.
Басқа 6
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 07.12. № А-12/3453 қаулысымен бекітілді Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды төлеу және тағайындау Ережесі Негізгі Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес жасалған.
Тарау 1. 1. Негізгі қағидалар
1. Негізгі қағидалар
Тармақ 1
1. Егер мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орнында оқыту тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ жағдайда, мүгедек балаларға материалдық қамту тағайындалады.
Тармақ 2
2. Материалдық қамту туа біткен, асырап алған мүгедек балаларға, сонымен бірге мүгедек балаларды қамқорлыққа алған (мемлекеттік толық қамқорлығындағы мүгедек балалардан басқа) ата-ананың біреуіне немесе оны алмастыратын тұлғаға, отбасы табысына қарамастан материалдық қамту ұсынылады.
Тармақ 3
3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды төлеу және тағайындау жөніндегі өкілетті орган Жарқайың ауданының «Жұмыстылық және әлеуметтік бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (ары қарай - өкілетті орган).
Тарау 2. 2. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі
2. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды тағайындау мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-ананың біреуінің немесе оны алмастыратын тұлғаның (қамқоршының) өтінішіне сәйкес тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органмен жүргізіледі. Өтінішке төмендегі құжаттар қосылады:
Тармақша 1
1) Баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) мүгедектігі белгіленгені туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптамалық анықтамасы (белгіленген үлгімен);
Тармақша 3
3) Ақмола облысының білім беру департаментінің мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиелену қажеттілігі туралы психолого-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің қорытындысы;
Тармақша 4
4) Оқу орнының үйде оқытуды растайтын анықтамасы.
Тармақ 5
5. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды төлеу және тағайындау жөніндегі өкілетті орган ұсынылған мәліметтер негізінде материалдық қамтуды тағайындау туралы шешімді қабылдайды.
Тармақша 1
1) Өтініш берушінің есеп шоты.
Тармақ 6
6. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамту көлемі 6 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 7
7. Материалдық қамту тоқсан сайын тағайындалады.
Тарау 3. 3. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі
3. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Материалдық қамтуды төлеу өткен тоқсанға қаржының түсу шамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Материалдық қамту төлеуді тоқтатуды қажет ететін жағдайда (мүгедек баланың жасы 18-ге келу, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедек баланың тұрғылықты жерін алмастыруы), төлем болған жағдайға байланысты сол айдан келесі айға тоқтатылады.