Об утверждении размера выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету төлемінің мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасыньщ Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету төлемінің мөлшері тоқсанына алты айлық есептік көрсеткішінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету төлемі жөніндегі уәкілетті орган «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.