Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан в Атбасарском районе Қолданыста
Басқа 0
Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Атбасар ауданы әкімінің № 01-1665 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 14 ақпандағы «Жеке катергорялы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» № С 25/3 шешімі (Ақмола облысының әділет Басқармасында 2003 жылғы 21 наурызда № 1623 тіркелген, 2003 жылғы 11 сәуірде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолдануға енгізіледі.
Басқа 5
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
Атбасар аудандық мәслихатының
№ 4С 4/7 шешімімен бекітілген
қосымша
Атбасар ауданында жеке категориялы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Нақты «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу» 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдердің ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдары және 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодекс ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып саналады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік төлем алу құқығы
2. Әлеуметтік төлем алу құқығы
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлем алу құқығына ие болатындар:
Тармақша 1
1) ұн, нан өнімдері және тамақ өнімдерінің қымбаттауына байланысты жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген азаматтар;
Тармақша 2
2) жан басына шаққандағы айлық кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болған шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін нақты жағдайларға тап болған аз қамтамасыз етілген азаматтар;
Тармақша 3
3) қосымша көмекке ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
Тармақша 4
4) мереке күндері қарсаңында жеке категориялы мұқтаж азаматтар;
Тармақша 5
5) мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
Тармақ 4
4. Өмірдің қиын жағдайларымен анықталғандар:
отбасының бір мүшесінің қайтыс болуы (қайтыс болған кезде жұмыссыз ретінде тіркелген болса), онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдардың ұзақ уақыт бойы емделуі, облыстық, республикалық, медициналық мекемелерге тексерілуге жолданған аурулардың жол жүруіне байланысты шығындарын өтеу. Әлеуметтік төлемдері сондай-ақ айрықша жағдайларда - өрт, су тасқыны, денсаулық жағдайлары, апат және басқа күтпеген жағдайларда төленеді.
Тармақ 5
5. Мереке күндері карсаңында біржолғы әлеуметтік көмек осы тармақта көрсетілген адамдарға жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері;
Тармақша 2
2) Кеңес Армиясының мүгедектеріне;
Тармақша 3
3) Чернобыль атомдық станциясының апатын жоюға қатысқандарға - мүгедектерге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне;
Тармақша 5
5) Ауғанстанда және басқа елдердің аумақтарында жауынгерлік әрекеттерге қатысушыларға және мүгедектерге;
Тармақша 6
6) фашистік концлагерь тұтқындарына;
Тармақша 7
7) Кеңес армиясының әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасыларына;
Тармақша 8
8) Атбасар ауданының кұрметті азаматтарына;
Тармақша 9
9) Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына;
Тармақ 6
6. Материалдық көмек ретінде әлеуметтік төлем алуға жоғары оқу орнын аяқтап келгеннен кейін жұмыс үшін ауылдық жерлерге барған білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің жас мамандары құқылы.
Тарау 3. 3. Төлем бойынша жұмысты ұйымдастыру.
3. Төлем бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Төлем бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында, аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданының қоғамдық ұйымдар мүшелері өкілдерінен комиссия қүрылды. Комиссия отырысы Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің жанында бір айда бір реттен сирек емес өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтар өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмекке келген отбасылардың (азаматтың) қамтылған деңгейі және әлеуметтік тұрмыс жағдайының актісін құру (әлеуметтік көмекті тағайындау үшін отбасының әлде көмек алу үшін үндеу тастаған азаматтың жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен есептеу керек кездерде);
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу немесе бас тарту туралы шешімдер қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері.
4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері.
Тармақ 9
9. Жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды (1 айдан артық емделуде болған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға, облыстық, республикалық, медициналық мекемелерге тексерілуге жолданған аурулардың жол жүруіне байланысты шығындарын өтеуге, өрт, су тасқыны, денсаулық жағдайлары, апат және басқа күтпеген жағдайларда) қажет ететін нақты жағдайларға тап болған аз қамтамасыз етілген отбасына (азаматтарға) әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде 5 тен 15 ке дейінгі ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде төленеді.
Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш ұсынады. Өтінішке мына құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі СТН (көшірмелері);
Тармақша 2
2) мекенжайын растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы) (көшірмесі);
Тармақша 3
3) стационарлық емделуде болған анықтамасы;
Тармақша 4
4) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтамасы.
Тармақша 5
5) лауазымдық тұлғаның қолы қойылып, мөрімен расталған аудандық аурухананың тексерілуге берген жолдамасы;
Тармақша 6
6) қажеттікті растайтын басқа құжаттар (өрт сөндіру инспекциясының анықтамасы, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және басқалар).
Тармақ 10
10. Мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік төлем мөлшері сауықтандырудың жеке бағдарламасы бойынша, кіріс есебінсіз төленеді.
Әлеуметтік көмек мөлшері 5 АЕК, шүғыл жағдайларда 15 АЕК дейін.
Тармақ 11
11. Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік төлем өтініш берусіз төлеу жиынтық тізім негізінде ақша қаражатын төлем алушылардың зейнетақы және жәрдемақы төлемі бойынша Мемлекеттік орталықтың Атбасар бөлімшесінің және Ұлы отан ардагерлері кеңесінің, Ауғаныстан соғысы ардагерлерінің кеңесінің келісімімен есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік төлем төлеу мөлшері жергілікті өкілетті органдардың шешімімен белгілінеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек мөлшері төмен қамтылған азаматтарға жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болған ұн, нан өнімдері және тамақ өнімдерінің қымбаттауына байланысты айсайын 0,5 АЕК есебінен;
Тармақ 13
13. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек мөлшері 2,5 АЕК есебінен;
Тармақ 14
14. Материалдық көмек ретінде әлеуметтік төлем жоғары оқу орнын аяқтап келгеннен кейін жұмыс үшін ауылдық жерлерге барған білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің жас мамандарына біржолғы 25 АЕК. Әлеуметтік төлем келесі құжаттарымен өтініш негізінде төленеді:
Тармақша 1
1) жеке куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі СТН (көшірмелері);
Тармақша 2
2) мекенжайын растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабынын көшірмесі);
Тармақша 3
3) оқу орнын аяқтауы жөніндегі диплом көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемеден лауазымдыққа тағайындалуы туралы анықтамасы.
Тармақ 15
15. Төлем көлемі әр нақты жағдайда комиссиямен анықталады. Ең жоғарғы көлемі бес бір айлық есептік көрсеткішінен жоғары болмауы керек. Осы Ереженің 9 тармағындағы қарастырылған жағдайда төлем көлемі көбейтіліуі мүмкін, бірақ он бес бір айлық есептік көрсеткішінен аспауы керек.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру.
Тармақ 16
16. «Жеке категориялы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу» 451-007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдер шығынды қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі.
6. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік төлем төлеу Уәкілетті органның қаржыландыру төлеміне орай ақша қаражатын төлем алушылардың Халық банкінің Атбасар бөлімшесіндегі, сондай-ақ «Қазпошта» ААҚ Атбасар филиалының пошта бөлімшесіндегі есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік төлем аз қамтамасыз етілген азаматтарға жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болғанда, ұн, нан өнімдері және тамақ өнімдерінің қымбаттауына байланысты өтінішсіз, жалпы тізім негізінде банк бөлімшесіндегі және пошта бөлімшесіндегі есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек мөлшері түріндегі әлеуметтік төлемдер зейнетақы және жәрдемақы жөніндегі Мемлекеттік орталықтың Атбасар бөлімшесінің ұсынған деректері негізінде банк бөлімшесіндегі және пошта бөлімшесіндегі алушының есеп шотына айсайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Материалдық көмек жоғары оқу орнын аяқтап келгеннен кейін жұмыс үшін ауылдық жерлерге барған білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің жас мамандарына, жас маманның жылына бір рет берген өтініші бойынша банк бөлімшесіндегі және пошта бөлімшесіндегі алушының есеп шотына айсайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. «Атбасар ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде, әлеуметтік төлем төлеу үшін мәліметтері негізінде тізім құрастырады және ұсынады, тізімнің сенімділігіне жауап береді.
Тарау 7. 7. Әлеуметтік төлемдердің жүзеге асырылуын бақылау.
7. Әлеуметтік төлемдердің жүзеге асырылуын бақылау.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік төлемдер бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.