О нормах отпуска топлива, потребления жилищно-коммунальных услуг при предоставлении льгот отдельным категориям граждан в соответствии с действующим законодательством Күшін жойған
Басқа 0
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну нормалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2006 № 52 шешімімен.
«Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруді ретке келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 сәуірдегі Заңы мен «Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін және байланыс қызметтерін тұтыну туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінен 1997 жылғы 19 тамыздағы № 1266 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 1 қазаннан бастап қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде босату (тұтыну) нормалары мынадай мөлшерде белгіленсін:
қатты, сұйық отын мен шартты отынды қатты және сұйық отынға аудару коэффициенті - 1 қосымшаға сәйкес;
электр қуаты - есептегіштің көрсетуі бойынша, бірақ жеңілдіктерді пайдалануға құқығы бар бір азаматқа 45 квт.сағат, ал электр плиталармен жабдықталған үйлерде тұратындарға - 70 квт.сағат мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың бюджетті қалыптастыру кезінде коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер алатын адамдар санатына тұрғын үйлерді ұстауға арналған шығындарды өтеуді 1985 жылдан кейін салынған үйлерде тұрғын үйдің пайдалы алаңының 1 шаршы метрі үшін 6 теңге, 1985 жылдан кейін салынған үйлерде - 1 шаршы метр үшін 8 теңге мөлшерінде көздесін. Жылумен, газбен, сумен қамтамасыз ету қызметінің шығындарын өтеу есептегіштердің көрсетуі бойынша жүргізілсін, бірақ ол осы аумақта тұратын тұрғындар үшін жергілікті атқарушы органдар бекіткен аталған қызметтерді пайдаланудың орташа есептелген тұтыну нормаларынан жоғары болмауы тиіс. Газ, жылу мен суды тұтынудың есептелген нормасының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.08.97 жылғы № 1266 қаулысымен (2,3,4 қосымша) белгіленген нормалардан аспайтын болып тағайындалады.
Лифті шаруашылығын ұстауға және қатты, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жұмсалатын ақша баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі басқармасымен келісілген және бір ішінде нақты орындалған жұмыстың құны шегінде өтелсін.
Тармақ 3
3. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бұған құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау, пәтердің пайдалы алаңын жылыту мен қатты және сұйық отынды босату жөніндегі шығындарды өтеуге жеңілдік беру нақтылы орналасқан тұрғын үйдің пайдалы көлемі шегінде берілсін, бірақ ол тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің баламдық нормасынан аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы, аудандық, қалалық қаржы бөлімдері мен қаржы бақылау комитеті азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер беруге бөлінетін бюджеттік қаражаттың орынсыз (мақсатсыз) пайдаланылуына бермесін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындауына бақылау жасау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.О. Омаровқа және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Алпысбековке жүктелсін.
📌 Ескерту. Қосымшаны орыс мәтіннен қараңыз.