О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой о выдаче лиц, совершивших преступления, и осуществлении уголовного преследования Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы шартты бекіту туралы
Алматыда 1997 жылғы 8 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы шарт бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы
қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды
жүзеге асыру туралы
Шарт
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
халықаралық құқық принциптерiне сүйене отырып,
мемлекеттердiң егемендiгiн және тең құқықтылығын құрметтеу негiзiнде,
қылмыскерлiкпен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап Ұстап беру мiндетi және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
1-бап Ұстап беру мiндетi және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерiне сәйкес өтiнiш бойынша ұстап беруге әкелетiн қылмыстары үшiн қылмыстық жауапкершілiкке тарту мақсатында не үкiмдi орындау үшiн сұрау салымшы мемлекет аумағында iздеу салынып жатқан, олардың аумағында жүрген адамдарды бiр-бiрiне ұстап беруге, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.
Бап 2. 2-бап Құзыреттi мекемелер және лауазымды адамдар
2-бап Құзыреттi мекемелер және лауазымды адамдар
Тармақ 1
1. Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелерi жөнiндегi қатынастар Уағдаласушы Тараптардың Бас прокуратуралары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құзыреттi лауазымды адамдар Уағдаласушы Тараптың Бас прокуроры, оның орынбасарлары болып табылады.
Бап 3. 3-бап Тiл
3-бап Тiл
Осы Шартты орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiне аударылған құжаттарды қоса бере отырып өзiнiң мемлекеттiк тiлiн немесе орыс тiлiн пайдаланады.
Бап 4. 4-бап Ұстап беру
4-бап Ұстап беру
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптар осы Шартта көзделген шарттарға сәйкес, талап бойынша олардың аумағында жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе үкiмдi орындау үшiн бiр-бiрiне ұстап беруге мiндеттеме алады.
Тармақ 2
2. Сұрау салынған және Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жазаланатын және жасалғаны үшiн кемiнде бiр жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi немесе одан ауыр жаза көзделетiн қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн ұстап беру жасалады.
Тармақ 3
3. Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру Сұрау салушы және Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жазаланатын және оны жасағаны үшiн ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам кемiнде алты ай мерзiмге немесе одан ауыр жазаға жазаланған қылмыстар үшiн жасалады.
Бап 5. 5-бап Ұстап беруден бас тарту
5-бап Ұстап беруден бас тарту
Тармақ 1
1. Егер:
Тармақша а
а) ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматы болса;
Тармақша б
б) талап алынған сәтте сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша, талап мерзiмiнiң өтiп кетуi салдарынан не басқа заңды негiз бойынша қылмыстық қудалау қозғала алмаса немесе үкiм орындала алмаса;
Тармақша в
в) ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адамға қатысты сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында дәл сол қылмысы үшiн заңды күшiне енген үкiм немесе iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарылса;
Тармақша г
г) сұрау салушы немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қылмыс жеке айыптау тәртiбiнде (жәбiрленушiнiң арызы бойынша) қудаланса;
Тармақша д
д) сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұстап берiлуi талап етiлген адамға қатысты дәл сол қылмысы үшiн қылмыстық қудалауды жүзеге асырса, Ұстап беру жасалмайды.
Тармақ 2
2. Жасалғаны үшiн ұстап беру талап етiлiп отырған қылмыс сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалса, Ұстап беруден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Ұстап беруден бас тартылған жағдайда сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа бас тартудың негiздерi туралы жазбаша түрде хабарлануға тиіс.
Бап 6. 6-бап Ұстап беруден бас тарту салдарлары
6-бап Ұстап беруден бас тарту салдарлары
Егер осы Шарттың 5-бабының а) тармағына сәйкес адамды ұстап беруден бас тартылса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың тапсырмасы негiзiнде өз заңдарына сәйкес осы адамға қатысты қылмыстық қудалау қозғайды. Осы мақсаттарда сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа оның иелiгiнде бар iстердi, жадығаттарды және дәлелдердi бередi.
Бап 7. 7-бап Ұстап беру туралы талап
7-бап Ұстап беру туралы талап
Тармақ 1
1. Ұстап беру туралы талап жазбаша түрде берiлуге және онда мыналар болуға тиiс:
Тармақша а
а) сұрау салынған және сұрау салушы мекеме атауы;
Тармақша б
б) қылмыстың iс жүзiндегi жағдайларын сипаттау және әрекетті қылмыс деп тануда негiзге алынған сұрау салушы Уағдаласушы Тарап заңының, осы заңда көзделген жаза шарасы көрсетiлген, мәтiнi;
Тармақша в
в) ұстап берiлуге тиiс адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның азаматтығы, тұратын немесе орналасқан жерi, мүмкiндiгiнше сыртқы түрiн сипаттау және оның жеке басы туралы басқа мағлұматтар;
Тармақша г
г) қылмыспен келтiрiлген зиянның мөлшерiн көрсету;
Тармақша д
д) қылмыстық жауапкершiлiкке тарту және үкiмдi орындау мерзiмiнiң өтуiне қатысты заң мәтiнi.
Тармақ 2
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн ұстап беру туралы талапқа осы баптың 1-тармағында аталған мәлiметтерден басқа, прокурор санкциялаған қамауға алу туралы қаулының куәландырылған көшiрмесi не соттың тиiстi ұйғарымы, сондай-ақ ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адамның азаматтығын растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы талапқа, осы баптың 1-тармағында аталған мәлiметтерден басқа, оның заңды күшiне енгендiгi туралы белгiсi бар үкiмнiң куәландырылған көшiрмесi және адамды соттауда негiзге алынған қылмыстық заң ережелерi қоса берiлуге тиiс. Егер сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтеген болса, жаза мерзiмiнiң өтелген бөлiгi туралы анықтама қоса берiледi.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Тараптар ұсынатын құжаттар елтаңбалық мөрмен куәландырылуға, ал ұстап беру туралы талапқа құзыреттi адам қол қоюға тиiс.
Бап 8. 8-бап Қосымша мағлұматтар
8-бап Қосымша мағлұматтар
Тармақ 1
1. Егер ұстап беру туралы талапта барлық қажеттi мағлұматтар болмаса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап қосымша мағлұматтарды талап ете алады, ол үшiн бiр айға дейiнгi мерзiм белгiлейдi. Бұл мерзiм сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша тағы бiр айға ұзартыла алады.
Тармақ 2
2. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап белгiленген мерзiмде қосымша мағлұматтарды ұсынбаса, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап қамауға алынған адамды босатуға тиiс.
Бап 9. 9-бап Iздеу салу және ұстап беру үшiн қамауға алу
9-бап Iздеу салу және ұстап беру үшiн қамауға алу
Ұстап беру туралы талапты алған соң сұрау салушы Уағдаласушы Тарап, ұстап беру жасала алмайтын жағдайларды қоспағанда, ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адамды iздеуге және қамауға алуға шаралар қабылдайды.
Бап 10. 10-бап Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн адамға iздеу салу
10-бап Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн адамға iздеу салу
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптар бұл адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында жүр деп болжауға негiздер болған жағдайда оны ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн тапсыру бойынша адамға iздеу салуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Іздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырма осы Шарттың 7-бабының ережелерiне сәйкес құрылады және онда адамның орналасқан жерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн кез келген басқа ақпаратпен қоса iздеу салынып отырған адамды барынша толық сипаттау, бұл адамды ұстап беру туралы талаптың берiлетiндiгi көрсетiлiп, қамауға алу туралы өтiнiш болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Іздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырмаға құзыреттi органның қамауға алу туралы шешiмiнiң не заңды күшiне енген үкiмнiң куәландырылған көшiрмесi, жазаның өтелмеген бөлiгi туралы мағлұматтар, сондай-ақ фотосурет және саусақтарының бедерi (егер бұлар болса) қоса берiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Іздеу салынып жатқан адамды қамауға алу туралы немесе iздеудiң өзге нәтижелерi туралы сұрау салушы Тарапқа дереу хабарланады.
Бап 11. 11-бап Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу немесе ұстау
11-бап Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу немесе ұстау
Тармақ 1
1. Ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн де қамауға алына алады. Өтiнiште қамауға алу туралы қаулыға немесе заңды күшiне енген үкiмге сiлтеме жасалуға тиiс, және онда ұстап беру туралы талаптың қосымша берiлетiндiгi туралы айтылуға тиiс. Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу туралы өтiнiш почта, телеграф немесе телефакс арқылы берiле алады.
Тармақ 2
2. Егер адам басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ұстап беруге әкелетiн қылмыс жасады деп күдiктенуге заңдармен көзделген негiздер болса, адам осы баптың 1-тармағында көзделген өтiнiшсiз де ұстала алады.
Тармақ 3
3. Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу немесе ұстау туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлануға тиiс.
Бап 12. 12-бап Қамауда ұстау мерзiмiн есептеу
12-бап Қамауда ұстау мерзiмiн есептеу
Осы Шарттың 9, 11-баптарының ережелерiне сәйкес қамауға алынған адамды қамауда ұстау уақыты, ол ұстап берiлген жағдайда, Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген қамауда ұстаудың жалпы мерзiмiне қосылады.
Бап 13. 13-бап Ұсталған немесе қамауға алынған адамды босату
13-бап Ұсталған немесе қамауға алынған адамды босату
Тармақ 1
1. 11-баптың 1-тармағына сәйкес қамауға алынған адам, егер ұстап беру туралы талап қамауға алу күнiнен бастап екi ай iшiнде келмесе, босатылуға тиiс.
Тармақ 2
2. 11-баптың 2-тармағына сәйкес ұсталған адам, егер ұстап беру туралы талап ол ұсталған күннен бастап 30 тәулiк iшiнде келмесе, босатылуға тиiс.
Бап 14. 14-бап Ұсталған адамды беру
14-бап Ұсталған адамды беру
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа берудiң орны мен уақыты туралы хабарлайды. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап берудiң қойылған күнiнен соң 15 күн iшiнде берiлуге тиiс адамды қабылдамаса, бұл адам қамаудан босатылуға тиiс.
Бап 15. 15-бап Ұстап берудi кейiнге қалдыру
15-бап Ұстап берудi кейiнге қалдыру
Егер ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам басқа қылмысы үшiн сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында қылмыстық жауапкершiлiкке тартылса немесе айыпталса, оны ұстап беру қылмыстық қудалау тоқтатылғанға, үкiм орындалғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн кейiнге қалдырыла алады.
Бап 16. 16-бап Уақытша ұстап беру
16-бап Уақытша ұстап беру
Тармақ 1
1. Егер осы Шарттың 15-бапта көзделген ұстап берудi кейiнге қалдыру қылмыстық қудалау мерзiмiнiң өтуiне әкелетiн болса немесе қылмысты тергеуге зиян келтiретiн болса, ұстап берiлуi өтiнiш бойынша талап етiлiп отырған адам уақытша берiле алады.
Тармақ 2
2. Уақытша берiлген адам жүргiзiлуi үшiн осы адам берiлген қылмыстық iс бойынша әрекет жүргiзiлген соң, бiрақ адам берiлгеннен кейiн үш айдан кешiктiрмей, қайтарылуға тиiс.
Бап 17. 17-бап Ұстап беру туралы талаптар коллизиясы
17-бап Ұстап беру туралы талаптар коллизиясы
Егер ұстап беру туралы талаптар бiрнеше мемлекеттен түссе, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап бұл талаптардың қайсысы қанағаттандырылуы қажеттiгiн өз бетiнше шешедi.
Бап 18. 18-бап Ұстап берiлген адамды қылмыстық қудалаудың шектерi
18-бап Ұстап берiлген адамды қылмыстық қудалаудың шектерi
Тармақ 1
1. Ұстап берiлген адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсiз, ол ұстап берiлгенге дейiн жасалған, ол үшiн ол ұсталып берiлмеген қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартыла немесе жазалана алмайды.
Тармақ 2
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсіз адам үшiншi бiр мемлекетке де берiле алмайды.
Тармақ 3
3. Егер ұстап берiлген адам қылмыстық iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн бiр ай өткен соң, ал сотталған жағдайда - жаза өтелген немесе одан босатылған соң сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе немесе ол онда өз еркiмен қайта оралса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмi талап етiлмейдi. Ұстап берiлген адам өзiнiң айыбынсыз сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзiмге қосылмайды.
Бап 19. 19-бап Қайта ұстап беру
19-бап Қайта ұстап беру
Егер ұстап берiлген адам қылмыстық қудалаудан немесе жазаны өтеуден жалтарса, және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағына қайта оралса, онда жаңа талап бойынша ол осы Шарттың 7-бабының 2, 3-тармақтарында аталған жадығаттар берiлмей ұстап берiлуге тиiс.
Бап 20. 20-бап Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамды уақытша беру
20-бап Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамды уақытша беру
Тармақ 1
1. Басқа уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамнан куә немесе жәбiрленушi ретiнде жауап алу, сондай-ақ оның қатысуымен өзге тергеу әрекетiн жүргiзу қажет болған жағдайда, бұл адам, оның азаматтығына қарамастан, мүдделi Уағдаласушы Тараптың негiзделген өтiнiшi бойынша, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап Бас прокурорының шешiмi бойынша оны қамауда ұстау және белгiленген уақытта қайтару шартымен уақытша берiле алады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамды уақытша беру туралы өтiнiш 7-баптың ережелерiне сәйкес құрылады және сонымен қатар онда бұл адамның сұрау салушы Уағдаласушы Тарапта болуы талап етiлетiн уақыт көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Егер:
Тармақша а
а) егер беруге оның келiсiмi алынбаса;
Тармақша б
б) сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында ол алдын-ала тергеуде және сот тергеуiнде болуы қажет болғанда;
Тармақша в
в) егер бұндай ұстап беру бұл адамды қамауда ұстаудың немесе оның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуiнiң белгiленген мерзiмдерiн бұзатын болса, осы баптың 1-тармағында аталған адамды уақытша беру жасалмайды.
Бап 21. 21-бап Нәтижелер туралы хабарлау
21-бап Нәтижелер туралы хабарлау
Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа ұстап берiлген адамға қатысты қылмыстық қудалаудың немесе үкiмдi орындаудың нәтижелерi туралы, сондай-ақ аталған адамды үшiншi мемлекетке беру жүзеге асырылғандығы туралы уақытында хабарлайды және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша оған қылмыстық iс бойынша соңғы шешiмнiң көшiрмесi берiледi.
Бап 22. 22-бап Транзиттiк тасымалдау
22-бап Транзиттiк тасымалдау
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша басқа Уағдаласушы Тарапқа үшiншi мемлекет берген адамдарды өзiнiң аумағы бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi.
Тармақ 2
2. Бұндай тасымалдауға рұқсат беру туралы өтiнiш ұстап беру туралы талап қаралатын тәртiпте қаралады.
Тармақ 3
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап өзi мақсатқа барынша лайық деп есептейтiн әдiспен транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi.
Бап 23. 23-бап Ұстап беруге және транзиттiк тасымалдауға байланысты шығындар
23-бап Ұстап беруге және транзиттiк тасымалдауға байланысты шығындар
Ұстап беруге байланысты шығындарды ол аумағында пайда болған Уағдаласушы Тарап, ал транзиттiк тасымалдауға байланысты шығындарды осындай тасымалдау туралы өтiнiшпен жүгiнген Уағдаласушы Тарап көтередi.
Бап 24. 24-бап Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мiндетi
24-бап Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мiндетi
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың тапсыруы бойынша өзiнiң азаматтық заңдарына сәйкес, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында қылмыс жасады деп күдiктенетiн өз азаматтарына қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.
Тармақ 2
2. Егер іс қозғалған қылмыс қылмыстан зиян шеккен адамдардың азаматтық-құқықтық талаптарына әкеп соқса, зиянның орнын толтыру туралы олардың өтiнiшi болған жағдайда, бұл талаптар аталған iсте қаралады.
Бап 25. 25-бап Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма
25-бап Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма
Тармақ 1
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырмада мыналар болуға тиiс:
Тармақша а
а) сұрау салынған және сұрау салушы мекеменiң атауы;
Тармақша б
б) қудалау жүзеге асыру туралы тапсырмаға байланысты қылмысты сипаттау;
Тармақша в
в) iстiң жасалған уақыты мен орнын мүмкiндiгiнше нақты көрсету;
Тармақша г
г) әрекеттi қылмыс деп тануда негiзге алынған сұрау салушы Уағдаласушы Тарап заңы ережесiнiң мәтiнi, сондай-ақ iс бойынша iс жүргiзу үшiн маңызы бар басқа, заң қалыптарының мәтiндерi;
Тармақша д
д) күдiктi адамның Фамилиясы және аты, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа мағлұматтар;
Тармақша е
е) жәбiрленушiнiң арызы бойынша қозғалатын қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң арыздары және зиянды өтеу туралы арыздар;
Тармақша ж
ж) қылмыспен келтiрiлген зиян мөлшерiн көрсету.
Тапсырмаға сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың иелiгiнде бар қылмыстық қудалау жадығаттары, сондай-ақ дәлелдер қоса берiледi.
Тармақ 2
2. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап қозғалған қылмыстық iстi жолдаған жағдайда бұл iс бойынша тергеудi сұрау салынған Уағдаласушы Тарап өз заңдарына сәйкес жалғастырады. Iсте бар әрбiр құжат сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемесiнiң елтаңбалық мөрiмен куәландырылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Тапсырма және оған қоса берiлген құжаттар 3-баптың ережелерiне сәйкес құрылады.
Тармақ 4
4. Егер қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жолданған сәтте айыпталушы сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында қамауда болса, ол сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелiнедi.
Бап 26. 26-бап Қылмыстық қудалаудың нәтижелерi туралы хабарлау
26-бап Қылмыстық қудалаудың нәтижелерi туралы хабарлау
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа соңғы шешiм туралы хабарлауға мiндеттi. Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша соңғы шешiмнiң көшiрмесi жолданады.
Бап 27. 27-бап Құпиялылықты сақтау
27-бап Құпиялылықты сақтау
Тиiстi өтiнiш болған жағдайда:
Тармақша а
а) Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұстап беру немесе қылмыстық қудалау туралы талапты, талап мазмұнын және дәлелдейтiн құжаттарды құпия сақтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Егер талап құпиялылық бұзылмай орындала алмайтын болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап бұл жөнiнде сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осыдан соң талапты қанағаттандыруды өтiну қажет не қажет еместiгiн анықтайды.
Тармақша б
б) сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұсынған дәлелдер мен ақпаратты, бұл дәлелдер мен ақпарат талапта аталған тергеу немесе сот тергеуiн жүргiзу үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, құпия сақтайды.
Бап 28. 28-бап Шешiм қабылдау салдарлары
28-бап Шешiм қабылдау салдарлары
Егер 24-бапқа сәйкес Уағдаласушы Тарапқа үкiм күшiне енген соң немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың мекемесi басқа түпкiлiктi шешiм қабылдаған соң қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жiберiлсе, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi қылмыстық iс қозғай алмайды, ал ол қозғаған iс тоқтатылуға тиiс.
Бап 29. 29-бап Уағдаласушы екi Тараптың соттарына қарасты iстердi қарау тәртiбi
29-бап Уағдаласушы екi Тараптың соттарына қарасты iстердi қарау тәртiбi
Бiр адам немесе бiр топ адам олар туралы iстер екi немесе одан көп Уағдаласушы Тараптардың соттарына қарасты бiрнеше қылмыс жасауда айыпталған жағдайда, оларды қарауға аумағында алдын-ала тергеу аяқталған Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi. Бұл жағдайда iс осы Уағдаласушы Тараптың iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады.
Бап 30. 30-бап Заттарды беру
30-бап Заттарды беру
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша бiр-бiрiне:
Тармақша а
а) осы Шартқа сәйкес ұстап беруге әкелетiн қылмыс жасалған кезде қолданылған заттарды; сондай-ақ қылмыс құралдарын; қылмыс нәтижесiнде алынған немесе оны жасағаны үшiн сыйақы ретiнде алынған заттарды, немесе қылмыскер осындай жолмен алған заттардың орнына алынған заттарды;
Тармақша б
б) қылмыстық iсте дәлел бола алатын заттарды; бұл заттар қылмыскердiң қайтыс болуы, қашып кетуi себебiнен немесе өзге жағдайлар бойынша оны ұстап беру жүзеге асырыла алмайтын жағдайларда да берiледi.
Тармақ 2
2. Егер осы баптың бiрiншi тармағында аталған заттар сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық iстегi дәлелдер ретiнде қажет болса, iс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн оларды беру кейiнге қалдырыла алады.
Тармақ 3
3. Берiлген заттарға деген үшiншi адамдардың құқықтары күшiнде қалады. Iс бойынша iс жүргiзу аяқталған соң бұл заттар оларды берген Уағдаласушы Тарапқа ақысыз қайтарылуға тиiс.
Бап 31. 31-бап Басқа шарттарға қатынас
31-бап Басқа шарттарға қатынас
Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн осы Шарт қозғамайды.
Бап 32. 32-бап Мәселелердi шешу
32-бап Мәселелердi шешу
Осы Шартты қолдану кезiнде пайда болатын мәселелердi өзара келiсiм бойынша уағдаласушы Тараптардың құзыреттi мекемелерi шешедi.
Бап 33. 33-бап Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
33-бап Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
Осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы өзара келiсiм бойынша енгiзiледi және әрбiр Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес заң процедуралары орындалған соң күшiне енедi.
Бап 34. 34-бап Бекiту және күшiне енгiзу
34-бап Бекiту және күшiне енгiзу
Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан соң 30-шы күнде күшiне енедi.
Бап 35. 35-бап Қолданылу мерзiмi
35-бап Қолданылу мерзiмi
Осы Шарт мерзiмсіз және Уағдаласушы Тараптың кез келгенi дипломатиялық арналар арқылы оның күшiн тоқтату туралы жазбаша хабар жолдағаннан кейiн алты ай өткен соң өз күшiн тоқтатады.
Алматы қаласында, 1997 жылғы 8 көкекте қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, олардың әрқайсысының күшi бiрдей.
Осы Шарт мәтiнiн түсiндiруде қайшылықтар болған жағдайда, орыс тілiндегi мәтiн негiзге алынады.
Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы
үшін үшін