Об установлении повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағының, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда, 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Әулиекөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ Т. Печникова 2007 жылғы 19 желтоқсан