О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Қолданыста
Басқа 0
Кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін келістіру туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасының және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 234 «2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келістірілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Мәслихаттың
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 15 шешіміне
қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімнің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) күтү бойынша әлеуметтік қызметші.
Тармақ 2
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру мектептерінің директорлары;
Тармақша 2
2) жалпы білім беру мектептерінің барлық мамандық мұғалімдері;
Тармақша 3
3) мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары;
Тармақша 4
4) алғашқы әскери даярлық басшысы;
Тармақша 5
5) жалпы білім беретін мектептердің кәсіптік оқыту, қосымша білім беру, оқу, оқу - тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
Тармақша 7
7) әлеуметтік педагог;
Тармақша 8
8) қосымша білім беру педагогы;
Тармақша 9
9) педагог - психолог;
Тармақша 10
10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
Тармақша 11
11) музыкалық жетекші;
Тармақша 12
12) аға жетекші;
Тармақша 13
13) лагерь бастығы (сауықтыру);
Тармақша 14
14) ага әдістемеші, әдістемеші;
Тармақша 15
15) өндірістік оқыту шебері;
Тармақша 16
16) медициналық бике;
Тармақша 17
17) емдәм бикесі;
Тармақша 18
18) кітапханашы;
Тармақша 19
19) кітапхана меңгерушісі.
Тармақ 3
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
Тармақша 2
2) бөліміне (бөлім) басшысы;
Тармақша 3
3) әдістемеші;
Тармақша 4
4) аға библиограф, библиограф;
Тармақша 5
5) аға кітапханашы, кітапханашы;
Тармақша 6
6) суретші;
Тармақша 7
7) музыкалық жетекші;
Тармақша 8
8) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 9
9) сақтаушы;
Тармақша 10
10) аккомпаниатор;
Тармақша 11
11) хореограф.