Об изменении границ Ордабасинского и Сайрамского районов Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы және Сайрам аудандарының шекараларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Ордабасы және Сайрам аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстарының негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Шұбарсу саяжай массивінен берілетін 267 гектарды Ордабасы ауданының шекарасына, Ордабасы ауданы Бадам ауыл округінен берілетін жалпы көлемі 264,65 гектар жер телімін Сайрам ауданының шекарасына қосу арқылы Ордабасы және Сайрам аудандарының шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.