Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуде (ограничение) алу туралы Қолданыста
Басқа 0
Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуде (ограничение) алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2007 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 05 қыркүйекте № 12-5-30 санымен тіркелген Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 152/8 қаулысының күші жойылсын және Бірлік селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеу (ограничение) алынсын.
Тармақ 2
2. Бірлік селолық округінің әкімі А. Серкебаевқа, Бірлік селолық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы Ж. Айтимовке (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырму шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Р. Нұргалиев
«16» қараша 2007 жыл