Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуде (ограничение) алу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуде (ограничение) алу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2007 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 05 қыркүйекте № 12-5-31 санымен тіркелген Күркелі селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 153/8 қаулысының күші жойылсын және Күркелі селолық округінде бурцеллез ауруына қарсы қойылған шектеу (ограничение) алынсын.
Тармақ 2
2. Күркелі селолық округінің әкімі Е. Ысқақовқа, Күркелі селолық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы А. Смагуловқа (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырму шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р. Нұргалиев «16» қараша 2007 жыл