Қолданыстағы ред. 22.11.2007

Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы от 22.11.2007 г. № 188/11 (Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы)

0

Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2007 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруына шектеу (ограничение) қойылсын.

2

2. 2008 жылғы арналған Жаңатілек селолық округінде ірі қара мардарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі іс-шаралары бекітілсін (қоса беріліп отыр).

3

3. Жаңатілек селолық округі әкімінің міндетін атқарушы З.С. Сұнқарбековке, селолық округтін мал дәрігерлік инспекторы Б. Альжановқа (келісім бойынша) бруцеллез ауруын жою бойынша іс-шараларды орындау жүктелсін.

4

4. Қаулы баспасөз бетіне жариаланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция
комитетінің Баянауыл аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы Р. Д. Нұргалиев
«22» қараша 2007 жыл