Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік тексеру туралы» Заңының 31 бабына және 2007 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілсін іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруына шектеу (ограничение) қойылсын.
Тармақ 2
2. 2008 жылғы арналған Шөптікөл селолық округінде ірі қара мардарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі іс-шаралары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Шөптікөл селолық округінің әкімі Қ.А. Әмірхановқа, селолық округтің мал дәрігерлік инспекторының ауқытша міндетін атқарушы Б. Алибековқа (келісім бойынша) бруцеллез ауруын жою бойынша іс-шараларды орындау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция көмитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р.Д. Нұргалиев «22» қараша 2007 жыл
Басқа 6. 2008 жылғы арналған Шөптікөл селолық округінде ірі қара малдарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Аудан әкімінің 2007 жылғы 22 қарашадағы «Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуына байланысты шектеу (ограничение) қою туралы» № 189/11 қаулысына қосымша 2008 жылғы арналған Шөптікөл селолық округінде ірі қара малдарды бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № Іс-шаралар Уақыты Орындаушылар 1. Ауруға шалдыққан ірі қара және басқа малдарды табыннан бөліп алып, таңбалап, жеке күту 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 2. Ауырған малдарды жедел түрде союды ұйымдастыру 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 3. Ауру мал тұрған қора мен аулада мал дәрігерлік санитарлық жұмыстарды жүргізіп, дезинфекция жасауды ұйымдастыру 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 4. Сеорологиялық әдіспен бруцеллезге тексеруді ұйымдастыру және қан алынған малдар бруцеллезден сауыққанша қайталау 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 5. Барлық мал түліктерінен қан алуды ұйымдастыру 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 6. Ауру шыққан табыннан басқа жерге мал жіберуге және қосуға тиым салу 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 7. Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының алдын алу және сақтандыру шаралары туралы насихат жұмыстарын жүргізу 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы 8. Бруцеллездің алдын алу және сақтандыру үшін «ШТ-82» вакцинасымен егулер жүргізу 2008 жыл Мемлекеттік ветеренариялық инспекторы