Об утверждении Правил добровольной и безвозмездной передачи имущества из частной собственности в государственную Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 2-тармақтың 5) тармақшасындағы "белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен" деген сөздер "заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысымен бекітілген Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі