О некоторых вопросах учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды оңтайландыру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) оған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң колледжі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Алматы заң колледжі) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) Алматы заң колледжінің білім алушыларының Академияда орта білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқуын аяқтауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.