Об утверждении «Порядка выплаты компенсации на возмещение расходов на приобретение топлива специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу тәртібін» бекіту туралы «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.А. Ахметовтың «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу тәртібі туралы» ақпаратын тыңдағаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы, 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы» Заңының 41 бабы, 4 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу тәртібі» (қоса берілді) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық бюджет қаржысы есебінен 451 - 004 қаржы бағдарламасын «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/14 шешімімен бекітілген Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Төлем тәртібі жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды істейтін өтемақының төленуін реттейді.
Тармақ 2
2. Төлем тәртібін қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңы болып табылады.
Тарау 2. 2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету 451-004 бағдарлама әкімгері «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
Тарау 3. 3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі және мөлшері
3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі және мөлшері
Тармақ 4
4. Өтемақы төлемі жылына бір рет отбасының бір мүшесіне ақшалай түрде ұсынылады.
Тармақ 5
5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) үйдің, пәтердің техникалық паспортының көшірмесі;
Тармақша 4
4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
Тармақша 5
5) үй кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 6
6) жұмыс орнынан анықтама.
Тарау 4. 4. Өтемақы төлемін қаржыландыру
4. Өтемақы төлемін қаржыландыру
Тармақ 6
6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету» 451-004 бюджеттік бағдарламасы бойынша қала бюджетінен бөлінеді.
Тарау 5. 5. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
5. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 7
7. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір маманға шаққанда жылына 3000 кг отын шығынының есеп айырысуына сәйкес тізімдерді қалыптастырып, ұсынады және ақша қаражаттарын өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына жібереді.
Тарау 6. 6. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау
6. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемдерді берілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.