Об учреждении звания «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» Қолданыста
Басқа 0
«Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6- бабының 1 – тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы туралы» Ережесі № 1-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты ауданының мәслихат аппаратына жүктелсін.
Басқа 4. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағының ережесі
Шарбақты аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
(IV сайланған III сессиясы)
«Шарбақты ауданының Құрметті
азаматы» туралы» № 15/3 шешіміне
№ 1 қосымша
«Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағының ережесі
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беру моральдік ынталардың ең маңыздысы, Қазақстан Республикасы, облыс және аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі болып табылады, патриоттық функцияны орындауға, сонымен қатар Шарбақты ауданының тарихында есімдердің сақталуы мақсатында шақырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы»
атағын берудегі негіздері
2. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы»
атағын берудегі негіздері
Тармақ 2
2. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы ауданда 5 жылдан кем емес жұмыс атқарған және өмірбаяны Шарбақты ауданымен байланысты азаматтарға, сонымен қатар оның тұрғындарына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде батырлық көрсеткен және ерлік жасағандарға, жоғары мемлекеттік наградалары барларға, сонымен қатар бейбітшілік кезінде кәсіпқорлық міндеттерді немесе азаматтық арызды өтеуде өзіндік ерлік көрсеткендерге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапаттағандарға, егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, ауданның дамуына үлкен үлес қосқандарға, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін көрсеткен, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
Тармақша 3
3) аудан экономикасының қаржылық және агроөнеркәсіптік дамуына айтарлықтай әсер еткен инвестицияларды жұмылдырғаны үшін, әлеуметтік дамуына, экономикалық өсуіне белсенді себепші болған алдыңғы қатардағы технологияларды енгізгені және инновациялық қызметі үшін;
Тарау 3
Тармақ 3. 3. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы»
атағын беру тәртіптері
3. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы»
атағын беру тәртіптері
Тармақ 4
4. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге кандидатуралар Шарбақты ауданының әкімімен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Ұсынылатын кандидатураларға: ерекше еңбектері мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізім, жариялымдар беріледі.
Тармақ 6
6. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағына беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтініштер қарастырылмайды.
Тармақ 7
7. Бір және сол кандидатқа «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш өкілдік органдардың шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.
Тармақ 8
8. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы өшірілмеген немесе алынбаған айыбы бар тұлғаға берілуі мүмкін емес.
Тармақ 9
9. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімнің қабылдануы мен мәселенің қаралуы атаққа ұсынылған тұлғаның қатыспауысыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім аудандық мәслихат сессиясында жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы қатысушылардың көп бөлігінің даусымен қабылданады.