О введении ограничительных мероприятий по бруцеллезу крупного скота на территории Равнопольского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Равнополь ауылдық округі аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу шараларын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармағы, 9) тармақшасында, «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекітілген ережеге (бұдан әрі-Ереже) сәйкес, Успен ауданы бас мемлекеттік ветеринар инспекторының 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-14/535 ұсынымының негізінде, Равнополь ауылдық округі аумағында ірі қара малдың бруцеллезін сауықтыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Равнополь ауылдық округі аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу шаралары енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Успен аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімі (келісім бойынша) «Успен ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Равнополь ауылдық округі аумағында Ережеде қарастырылған шаралардың қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн ішінде қолданысқа енеді.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі Успен
аудандық аумақтық инспекциясы»
мекемесінің бастығы С. Қапкенов
«6» желтоқсан 2007 ж.
«Успен ауданының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Сүгірбаев
«6» желтоқсан 2007 ж.