О неотложных мерах по безопасности использования сжиженного газа в быту Күшін жойған
Басқа 0
Сұйытылған газды тұрмыста пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі шұғыл шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 01.08.2005 № 16 шешімімен.
Облыстың қалалары мен аудандарында газбен қамтамасыз етудегі іркілістерге, сондай-ақ көп қабатты үйлерде газ приборларына өз бетімен қосылған баллондық газдың жаппай пайдаланылуына, ұзақ мерзім бойына пайдаланылмаған топтық газ бөлу құрылымдарының жұмысқа кірісуіне байланысты бұл адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті авариялық жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
Халықты газбен толассыз қамтамасыз ету және газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану үшін:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
- қалаларда және басқа елді мекендерде газ жабдықтарын пайдаланудың тәртібін ретке келтіру жөнінде шұғыл шара қолдансын, тұрғын үйлерде баллондық газдың заңсыз пайдаланылуының комиссиялық түрде тексерілуін ұйымдастырсын, газды тұрмыста пайдалану ережелерін бұзған адамдарды жауапқа тартсын;
- пәтер иелері кооперативтері мен газ қызметі көп қабатты тұрғын үйлердің топтық резервуарлық емкостьтерден газбен қамтамасыз етілуі жөнінде келісім-шарттардың жасауын қамтамасыз етсін, газды пайдаланғаны үшін төлемді жинау жүйесін ретке келтірсін және халық үшін қолайлы төлем нысанын енгізетін болсын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма:
- газбен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын кәсіпорындарды топтық емкостьтық қондырғыларды қауіпсіз пайдалану ережелерін орындауы бойынша тексерсін, газбен жұмыс істеу жөніндегі нормативтік актілерде көзделген ережелердің қатаң сақтауына жүйелі түрде бақылау жасасын;
- топтық газ бөлу қондырғыларына қосылған көп қабатты үйлерде баллондық газдың пайдаланылуына тыйым салсын.
Тармақ 3
3. Облыстық салық инспекциясы:
- төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен бірлесіп 10 күндік мерзімде тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін өндіру, пайдалану және жөндеу мәселелерімен, оның ішінде баллондық газды сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың лицензия сын тексерсін. Егер олар қызметің лицензиясыз атқарса олардың табысы бюджетке өндіріп алынсын, сондай-ақ оларға заңда көзделген жауапкершіліктің басқа да шаралары қолданылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 5
5. ақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Алпысбековке жүктелсін.
Жасалған жұмыс туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанға дейін берілетін болсын.