Об утверждении стандартов оказания государственных услуг Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және " Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы " 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. "Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы "19" желтоқсандағы N 392 қаулысымен бекітілген "Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Есептік тіркеуге қою - бұл Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу. Миссионерлік қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеу (қайта тіркеу) мынадай заңдылық актілер негізінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-1 , 4-2 баптары;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 702 қаулысы ;
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті ұсынады. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, N3 үй, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты: www.ontustik.kz.
Тармақ 5
5. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есептік тіркеуге алу жөніндегі берілетін куәлік осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытындысы болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:
Тармақша 1
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғалардың жазбаша арыздары тіркелген күннен бастап 7 күннің ішінде;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде, т.с.с.) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 40 минут;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут.
Тармақ 8
8. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің кабинетінде орналасқан: "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан" газеттерінде жарияланған, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтына """. ontustik.kz енгізілген.
Тармақ 10
10. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жұмыс кестесі: құжаттар қабылдауы 323 кабинетте әр күн сайын сағат 9.00 - ден 18.00 - ге дейін қабылданады, үзіліс сағат 13.00 - ден 14.00 - ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету талаптары жоқ.
Тармақ 11
11. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған 323 кабинетте: жазғы мерзімде оптималдық температураны сақтау үшін кондиционер, өтініш үлгілерінің стенді, қажетті құжаттардың тізімі және стол, екі үстел орналасқан.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Осы аталған мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөліміне келесі тізбеге сай қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) ұстанатын дiнi, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
Тармақша 2
2) миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесі;
Тармақша 3
3) тiркеу туралы куәлiктiң немесе миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің өз елiнiң заңдарына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктің жiберген шақыруы;
Тармақша 5
5) миссионерлік қызметке арналған әдебиет, дiни мақсаттағы аудио-бейне материалдар және (немесе) өзге де заттар. Өтiнiш берушi көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
Тармақ 13
13. Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қоюға арналған бланкілер, өтініш нысандарды беру орны Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі болып табылады, 323 кабинет, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты: www.ontustik.kz.
Тармақ 14
14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін берген өтініштері мен басқа да құжаттары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің мамандарына жеке тапсырылады, 323 кабинет, тел.:53-46-56.
Тармақ 15
15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін осы мемлекеттік қызметтің уақыты көрсетілген талонды алады.
Тармақ 16
16. Миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеу жөніндегі куәліктің берілуі тұтынушының Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөліміне өзінің жеке келуі бойынша жүзеге асырылады, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, кабинет 323.
Тармақ 17
17. Жеке тұлғаларға осы мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтатуға немесе бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) қажетті құжаттарды тапсырылмаған адамдар.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
Тармақша 1
1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;
Тармақша 2
2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі).
Тармақ 20
20. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеуден өткізу жөніндегі комиссияның төрағасы түсіндіреді, кабинет 325, телефон: 23-31-31.
Тармақ 22
22. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының атына жазылған арыз - шағымдар Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімінде тіркеледі, 326 кабинет, тел.: 53-45-48.
Тармақ 23
23. Арыз-шағымдардың қабылданғандығын растайтын құжат тіркеу журналында тіркелген, қаралатын арыз-шағымның мерзімі және берілген арыз-шағымға жауап алынатын орны көрсетілген әкімшілік бөлімінде берілген талон болып табылады. Арыз-шағымдардың қаралу барысын Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімі қызметкерлерінен мына байланыс телефоны арқылы білуге болады: 53-45-48.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жөніндегі мәліметтер, пошталық мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, N 3 үй. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының қабылдау бөлмесі: 33-97-93. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директоры орынбасарының телефоны: 23-31-31. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі мамандарының телефоны: 53-46-56. Жұмыс кестесі: әр күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Жеке тұлғаларды қабылдау күндері: Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры: әр айдың 3-ші бейсенбісі сағат 15.00 - ден 18.00 - ге дейін; Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары: жұма сайын сағат 10.00 - ден 13.00 - ге дейін. Жоғарғы органның байланыс мәліметтері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, N6 үй, тел.:53-74-43, факс: 53-05-27.
Тармақ 25. Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтына www.ontustik.kz енгізілген. "Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылғы мақсатты мәні Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1. Уақтылылығы 1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100% 90% 80% 1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) 100% 70% 60% 2. Сапасы 2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 100% 100% 2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.)  % (үлесі) 90% 80% 70% 3. Қол жетімділігі 3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі) 100% 100% 100% 3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 90% 80% 70% 3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 50% 40% 30% 4. Шағымдану үдерісі 4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,1% 0,3% 0,5% 4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылуға негізделген шағымдардың % (үлесі) 95% 70% 60% 4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 95% 60% 50% 4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90% 60% 50% 5. Әдептілігі 5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 100% 90% 90%