Об утверждении Соглашения о сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Катар в области молодежи и спорта Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметінің арасындағы Жастар ісі мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметінің арасындағы Жастар ісі мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі, екі ел арасындағы достық пен түсіністікті нығайтудағы өзара мүддені ескере отырып, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып, екі елдегі қолданыстағы заңдар мен жастар ұйымдары жарғыларына сәйкес, төмендегілер жөнінде келісті.
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар жастар саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға келесі бағыттарда ықпал ететін болды:
Тармақ 1
1. Түсіністік пен достастыққа қол жеткізу үшін екі елдің жастар делегацияларын алмасу;
Тармақ 2
2. Жастар қызметін дамытуға жәрдемдесетін мынандай салаларда ынтымақтастық жасау; - жастардың ғылыми клубтары; - жастар орталықтары; - жастар лагерьлері; - жастардың ғылыми және шығармашылық орталықтары;
Тармақ 3
3. Екі елдегі жастар ұйымдары туралы ережелер, ақпарат мен зерттеулер алмасу;
Тармақ 4
4. Екі елдегі жастар ісі жөніндегі өкілетті органдар жауапты өкілдерінің сапарларын алмасу;
Тармақ 5
5. Екі елдегі өткізілетін халықаралық жастар іс-шараларына қатысу жөніндегі шақырулар алмасу;
Тармақ 6
6. Екі елде кезектесіп жастардың бауырластық апталықтарын өткізу.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар спорт саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға келесі бағыттарда ықпал ететін болады:
Тармақ 1
1. Спорт делегациялары мен командалар сапарларын алмасу, спорт лагерьлерін ұйымдастыру мен достық сипаттағы спорттық ойындар өткізу;
Тармақ 2
2. Спорт ісі жөніндегі ақпараттар, зерттеулер мен дәрістер алмасу;
Тармақ 3
3. Екі елде өткізілетін халықаралық спорт жарыстарына қатысу туралы шақырулар алмасу;
Тармақ 4
4. Спорт медицинасы саласындағы ынтымақтастық, спорттық жабдықтар мен ғимараттарды басқару мен қамтамасыз ету, мүгедектердің қатысуымен спорт жарыстарын өткізу және барлық бағдарламаларға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық;
Тармақ 5
5. Спорт кеңесшілерімен, мамандарымен, жаттықтырушыларымен алмасу.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар жастар және спорт істері жөніндегі ұйымдар мен департаменттердің келесі бағыттардағы тиімді ынтымақтастығына барлық күш-жігерін жұмсайтын болады:
Тармақ 1
1. Құрлықтық және халықаралық деңгейде, соның ішінде Азия Спорт Конфедерациялары мен кеңестер алмасу және ынтымақтастық;
Тармақ 2
2. Тікелей байланыс жасау арқылы екі елдің Ұлттық Олимпиадалық Комитеттері, сондай-ақ спорт федерациялары мен ассоциациялары жұмысын үйлестіру, ынтымақтастығын жүзеге асыру.
Бап 4. 4-бап
4-бап Жастар және спорт делегацияларының алмасуына байланысты тиісті қаржылық шығындар толығымен жіберуші Тараптардың есебінен жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Осы Келісімге жеке хаттамамен рәсімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 6. 6-бап
6-бап Осы Келісімнің жүзеге асырылуына өкілетті органдар мыналар: - Қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі - жастар істері жөнінен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі - спорт жөнінен; - Катар жағынан - Катар Мемлекетінің жастар және спорт істері жөніндегі "YASA" Бас штабы; - немесе екі жағдайда да осы уақытта жоғарыда аталған өкілетті орган міндетін атқарушы тұлғалар мен ұйымдар.
Бап 7. 7-бап
7-бап Осы Келісімнің ережелерін талқылау немесе қолдану барысында туындайтын кез-келген пікір қайшылықтары мен келіспеушіліктері Тараптардың арасында кеңес алмасу келіссөз жүргізу жолымен достық жағдайда шешіледі.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келісім Тараптар тиісті ішкі мемлекеттік талаптарды орындаған жағдайда күшіне енеді және бес жылға дейін қолданылады. Егер Тараптардың ешқайсысы осы Келісімнің іс-қимылын өзінің тоқтатқысы келетіні туралы тиісті мерзімнің аяқталуына кемінде алты ай уақыт қалғанда хабарламаған болса, ол келесі бес жыл мерзімге өзінен өзі ұзартылатын болады. Осы Келісімнің ережелері осы Келісім күшінде болған кезеңде бекітілген барлық контрактілер мен бағдарламаларға қолданылады. Астана қаласында 1999 жылдың 22 сәуірінде екі данада әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерінде, барлық мәтіндерінің күші бірдей болып жасалды. Осы Келісімнің ережелерін талқылау барысында келіспеушіліктер орын алған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының          Катар Мемлекетінің            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін