Об утверждении Правил оказания социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в сельской местности, по приобретению топлива Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Атбасар ауданы әкімінің № 01-1665 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелген ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолдануға енгізіледі.
Басқа 4
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
Атбасар аудандық мәслихатының
№ 4С 4/8 шешімімен бекітілген
1 қосымша
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын орындау мақсатында жасалған.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлем (ары қарай - әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем), жылына бір рет тағайындалады және беріледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төлем сомасы кінәлі деп танылған тұлға есебінен, қолданыстағы бекітілген заңнамаларға сәйкес қайтаруға жатады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлемдер «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай ММ) тапсырылған құжаттар негізінде және мемлекеттік ұйымдар тізімі бойынша ұсынылады және келесі мәліметтерді ұсыну:
Тармақша 1
1) ақшалай алушының банкте міндетті түрде ашатын салымы бойынша есеп шоты нөмірінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) тізімде атқаратын лауазымын көрсету;
Тармақ 5
5. Осы ереженің негізінде төлем алуға лайық екі немесе одан да көп тұлғалар бірге тұратын жағдайда, әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем әрқайсысына беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік сала мамандарына берілетін ақшалай төлем мен қаржыландыру осы мақсатқа сол жылы қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асарылады.
Тарау 4. 4. Есеп беру, бақылау және есеп жүргізу тәртібі
4. Есеп беру, бақылау және есеп жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Ақшалай төлемге бақылау жасау, есеп беру және есеп жүргізу еңбек «Атбасар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүктеледі.
Тармақ 8
8. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тоқсан сайын әр тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін екінші деңгейлі банкпен сәйкестендіру актісін жасап, төленген бір жолғы ақшалай төлем сомасын жасап отырады.