О проведении приписки граждан к призывному участку на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеу туралы
2005 жылғы 8 шілдегі № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 12, 17 бабына және 31 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген Казақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес және азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығын аныктау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған және шақыру учаскесінде тіркелмен жасы одан үлкен азаматтарды тіркеу 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға келісімді бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтердін әкімдері азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне селолық округ әкімі аппараттарының әскери-тіркеу үстел мамандарының жетекшілігімен баруларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар, мекемелер, білім мекемелерінің басшылары әскери учаскесінде тіркеуге жататын азаматтарды іссапардан (демалыстан) шақыртсын, оларға хабарлауды және шақыру учаскіге уақытылы келулерін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық емханасының бас дәрігері (Сәбитова Ш.Қ.) Қазақстан Республикасынын Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ереженің талаптарына сәйкес азаматтарды сапалы медициналық куәландыру үшін мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) шақыру учаскіде азаматтарды тіркеу мерзіміне тіркеу жөніндегі комиссия жанынан медициналық комиссия құрамын құруды;
Тармақша 2
2) шақыру учаскілерінде тіркелуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру өткізуді;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелерінде есепке қойылуға тиіс азаматтарға тексерілуге (емделуге) арналған жолдама беруді. Жолдамада медициналық денсаулық, сақтау ұйымының атауы, диагнозы, тексеру мақсаты және медициналық куәландыруға қайтадан келу мерзімі көрсетілсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.):
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша шақыру ресурстарын алдын ала бөлуді жүргізілсін, «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқу ұйымдарына әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуға жіберу үшін кандидаттарды алдын ала іріктеу жүргізілсін, әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін адамдар анықталсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді дайындау және жүргізу жоспарын әзірленсін, онда мыналар көзделсін:
әскерге шақыру учаскесінде тіркелуі үшін азаматтарды хабардар ету тәртібі мен шақыру мерзімі;
тізімдерді жасау мерзімі және азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне күндер бойынша келуінің есептері (күніне 50 адамнан артық емес);
тәрбие және әлеуметтік-құқыктық жұмыстарының іс-шараларын өткізу;
әскерге шақыру пункттерінің үй-жайларын қажетті жабдықпен қамтамасыз ету;
тіркелетіндерді медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлерді іріктеу;
азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персонал мен көліктің қажетті санын бөлуге арналған есеп;
тіркеуді жүргізуге тартылатын адамдарға нұсқау өткізу мерзімі.
Тармақ 7
7. Аудандык ішкі істер бөлімінің бастығы (Жахин О.М.) полиция учаскелік инспекторлар, селолық округ әкімдері аппараттарының әскери-есеп жүргізу үстел мамандарымен бірге әр үйлерді аралау арқылы әскери есепте тұруға міндеттілерді, есептік - әскери құжаттары жоқ тұлғаларды анықтасын және жеткізсін.
Тармақ 8
8. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, (Комаристая Г.В.) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу жөніндегі мынадай іс-шараларға уақытылы қаржыладыруды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізу үшін;
Тармақша 2
2) ауданның елді мекендерінен азаматтарды, шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссияға жеткізу үшін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскілерді жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен жабдыктау үшін;
Тармақша 4
4) қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалык қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз ету үшін.
Тармақ 9
9. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Закенов Б.Н,) білім ұйымдарында азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Тіркеу жөніндегі комиссиясы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында өткізілсін.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 315 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында азаматтарды әсқерге шақыру учаскесінде тіркеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (2007 жылғы 8 қаңтардағы 13-4-39 номермен мемлекеттік тіркелген).
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Тастемировке жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер
Бөлімінің бастығы
Жахин О.М.
Аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері
Сәбитова Ш.Қ.
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Серікбаев Қ.Ж.
Басқа 23. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің
2007 ж. «24» желтоқсан № 400
қаулысына қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
негізгі құрам
резервті құрам
лауазым
аты-жөні, тегі
лауазым
аты-жөні, тегі
Тіркеу комиссиясының төрағасы, қорғаныс істерә жөніндегі бөлімнің бастығы
Серікбаев Қаратай Жұмабекұлы
Әскери қызметке келісім-шарт бойынша келетін және шақырылатын әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы
Тұрабай Талғат Сайлауұлы
Тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының бас маманы
Ысқақов Бауыр Ақылұлы
Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі
Еңсегенов Болат Қазбекұлы
Комиссия мүшелері:
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рахымжанов Самат Шерғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарушысы
Хамзин Арстан Жүсіпұлы
Аудандық орталық емханасының бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы
Сәбитова Шолпан Қайргелдіқызы
Ақжар аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Мейрамова Замзагүл Кәрімжанқызы
Тіркеу комиссиясының хатшысы, Ленинград селолық емханасының медбикесі
Гончарова Людмила Алексеевна
Аудандық орталық емханасының жас өспірімдер қызметінің медбикесі
Хасенова Әлия Шәйкенқызы