О внесении изменений в Положение "О расчетно-кассовых отделах банков второго уровня вне места нахождения банка" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстер енгiзу жөнiнде 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысымен. Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстер бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Өртембаев А.Қ.) осы Қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркесiн.
Тармақ 3
3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулыны және жоғарыда аталған өзгерiстердi Қазақстан Республикасының облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге" ӨЗГЕРIСТЕР
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 27 қараша N 405 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге" ӨЗГЕРIСТЕР
Тармақ 1
1. 11-тармақтың бесiншi азатжолындағы "операциялық күннiң" деген сөз "есеп берiлiп отырған айдың" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 13-тармақтың бесiншi азатжолындағы "операциялық күннiң" деген сөз "есеп берiлiп отырған айдың" деген сөздермен ауыстырылсын. Төраға