Жаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтары бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
ҚАЗЖаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтары бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтары бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтары бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/17
- Қабылданған күні
- 17.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2016 · қолданыстағы 36670_363716.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07MB000067
- ЭКБ идентификаторы
- 36670
- Редакция идентификаторы
- 36670_363716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:48
0 Жаңаөзен қаласы аумақтарын аймақтары бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы,1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты шешім етті:
1 1. Қаланың барлық жерлерін аймақтарға бөлу схемасына енгізу мақсатында қосымшаға сәйкес, Жаңаөзен қаласының аумақтарын аймақтарға жобасы (схемасы) бекітілсін.
2 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Аймақтың сипаттамасы
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2007 жылғы 17 қарашадағы
3/17 шешіміне қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері және Жаңаөзен қаласы жерлерінің аймақтарының сипаттамасы.
Аймақ №
Аймаққа енетін шағынаудандар мен басқа да әкімшілік құрылымдар
Орташа коэффициент
Аймақ ауданы
Үлесті салмағы
1
Қаланың «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», «Көктем», «Өркен», «Мұнайлы» шағынаудандары
2,0
465,0
1,0
2
Қаланың «Арай», «Арай-2», «Рахат», «Рахат-2», «Астана», шағынаудандарының тұрғын үй секторы мен Теңге поселкесі
1,6
1213,0
2,4
3
«Рахат-3» шағынауданының тұрғын үй секторы, Қызылсай ауылы
1,2
13435,0
26,1
4
Қаланың өндіріс аймағы
0,8
28011,0
54,3
5
Ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқада тәртіпте пайдаланылатын жерлер
--
8345,0
16,2
Барлығы
51469,0
100,0
Аймақтың сипаттамасы
1-аймақ –селитебті, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер,балалар бақшасы,спорт мектебі,мәдениет үйі,байланыс үйі,кітапхана,емхана,аурухана кешені, мешіт, базар, қонақ үйлер,дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан қаланың көп қабатты тұрғын қамтитын «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал», «Көктем», «Өркен», «Мұнайлы» шағынаудандары кіреді.1-аймақта су,газ,электр жүйелері,канализация орталықтандырылған.
2-аймақ –селитебті, қалаға жақын орналасқан жеке тұрғын үйлер секторын қамтитын қаланың «Арай», «Арай-2», «Рахат», «Рахат-2», «Астан» шағынаудандары және Теңге поселкесі кіреді. Екінші аймақтағы шағынаудандарда жалпы білім беретін мектептер мен дүкендер орналасады.Теңге поселкесінде әкімшілік құрылымдар ғимараттары, жалпы білім беретін мектептер, мәдениет үйі, пошта, дүкендер орналасады.Бұл аймақта кей жерлерде орталықтандырылған су жүйесі, канализация бар. Тұрғын үй секторы газ және электр жүйесімен қамтамасыз етілген.
3-аймақ селитебті, жеке тұрғын үй құрылысына арналған аймақ, оның ішінде жер учаскелері жаңадан беріліп жатқан «Рахат-2» шағынаудан кіреді.
4-аймақ – өнеркәсіп аймақ
5-аймақ –ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқа да тәртіп пайдаланылатын жерлер.