О переименовании государственного учреждения "Костанайский юридический институт Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандарды даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Академия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Академия қызметінің негізгі мәні:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) үшін жоғары білімі бар мамандар даярлау;
Тармақша 2
2) ҚАЖ қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 3
3) ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
Тармақша 4
4) ҚАЖ-дың өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. ҚАЖ комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жарғыны бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік мекеменің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне: "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы".
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.