Об утверждении стоимости разовых талонов для отдельных видов предпринимательской деятельности на территории Астраханского района Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік кызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес және аудан әкімінің 2007 жылғы 9 қарашасындағы № 992 хатының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасы бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және аудандық «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі Р.Әкімов
Басқа 3
Астрахан аудандық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 4С-4-4 шешіміне қосымша
Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасы
№
п/п
Қызмет түрі бойынша сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және кызметтердің атаулары
Бір жолғы талонның 1 күндік бағасы % АЕК
1.
Сату (қызметтен тыс стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын)
1)
газеттер мен журналдарды
5 %
2)
тұқымдар, сондай-ақ отырғызатын материалдар
5 %
3)
бақша дақылдары
20%
4)
саяжайлар мен үй маңындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдері
5 %
5)
қосалқы ауыл шаруашылығынан, бақшадан және саяжай учаскелерінен алынған азық-түлік
10%
6)
Құс және малдар үшін тағам
10 %
7)
Сыпырғыш, сыпырғы, орман жидектері, бал, саңырауқұлақ және балық
10%
2.
Жер учаскелерін өңдеу бойынша меншікті трактор иелерінің қызметтері
30%
3.
Меншікті жөңіл машиналар иелерінің тасымалдау бойынша қызметтері
15 %
4.
Құс және үй малдарын бағу
20%