Қолданыстағы ред. 04.12.2007

Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы от 04.12.2007 г. № 32 (Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы)

0

Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий,
Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Рөспуоликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Қазақстан Республикасы Заңынын 97-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұргын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2

2. Рудный қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3358, 2005 жылғы 25 наурыздағы «Рудненский рабочий» газетінде № 22 жарияланды, мәслихаттың 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 150 «Мәслихаттың 2005 жылгы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылган отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-3, 2005 жылғы 1 маусымдағы «Рудненский рабочий» газетінде № 42 жарияланды) шешімімен, мәслихаттың 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 375 «Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұргын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-65, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Рудненский рабочий» газетінде № 103-104 жарияланды) шешімімен, мәслихаттың 2007 жылғы 27 ақпандағы № 417 «Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруылар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-78, 2007 жылғы 21 наурыздағы «Рудненский рабочий» газетінде № 23 жарияланды)
шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және көліемі туралы Ережелер

Мәслихаттың
2007 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 32 шешімімен бекітілді
Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және көліемі туралы Ережелер

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және көлемі туралы ережелерде қолданылатын негізгі анықтамалар (бұдан әрі бұл Ережелер):
тұрғын үй көмегі - тұрғын үйді ұстауға шығындардың жартылай орнын толтыру үшін Рудный қаласында, Қашар, Горняцк, Перцевка поселкелері мен Железорудная станциясында үнемі түратын және тұрғын үй меншіктенуші (жалдаушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) көрсетілетін әлеуметтік көмектің бір түрі;
тұрғын үй - тұрақты тұруга арналған және соған пайдаланатын, белгілінген техникалык, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сәйкес сай келетін жеке тұрғың үй (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
тұрғын үй ұстауға жұмсалатын шыгындар - осы ережелермен орнатылған нормасының және нормативтерінің шегінде тұргын үйді ұстауға (жеке тұргын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтер мен телефонға абоненттік төлем бөлігінде байланыс қызметтерді пайдалануға шығындарға отбасылардың (азаматтардың) төлемі;
тұрғын үйді жалдау (жалға беру) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
жалдаушы - тұрғын үйді жалдау шартындағы немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап;
тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар тұргын үйді пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлем қосындысы:
меншік иесі - өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығына ие болатын тұлға;
жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіцде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы.

2. 2. Тұрғын үй көмегін беру жагдайлары

2. Тұрғын үй көмегін беру жагдайлары

2

2. Тұрғын үй көмегі отбасыларға (азаматтарға) егер тұргын үйді ұстауға шығындары осы мақсаттарға мейлінше жіберілуі мүмкін шығындардыц үлесінен асатын болса тағайындалады.

3

3. Тұрғын үй көмегінін көлемін есептеу барысында азаматтардың мына санаттарына тұрғын үй көмегінің 100 пайызы есептеледі.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға (бұдан әрі ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар);
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болган, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне (бұдан әрі қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері);
бала кезінен мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтагы мүгедек балаларға;
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тагайындалған адамдарына;
Рудный қаласының құрметті азаматы болып табылатын жұмыс істемейтін зейнеткерлерге.

4

4. Тұрғын үй көмегінің көлемі меншік иесінің (жалдаушының) тұргын үйді ұстауга шыгыстар мен отбасының (азаматтардың) мейлінше жіберілуі мүмкін шыгыстар деңгейінің деректі төлемдері арасындагы айырмашылық ретінде есептеледі.

5

5. Жылумен қамтамасыз етуге, салқын және ыстық сумен қамтамасыз етуге (бұдан әрі салқын, ыстық су), газбен қамтамасыз етуге, электрмен қамтамасыз етуге (бұдан әрі электр қуаты) есептеу құралдары бар болган жағдайда тұрғын үй көмегіне өтініш еткен тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеу құралдардың көрсеткіштері есепке алынады. Тұргын үйді ұстауға шыгындар белгіленген норма мен нормативтерден жогары төлеу жалпы негіздемелер арқылы жүргізіледі.

6

6. Тұргын үй көмегі тұргын үйді ұстауға арналған төлемді және коммуналдық қызметтерге төлем шығыстарын жартылай өтеу үшін қолма-қол ақшасыз түрде беріледі. Телефон бойынша абоненттік төлемдердің көтерілуі бөлігінде қызмет шығындары осы Ережелердің 25-тармағымен орнатылған тәртіпте өтеледі. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметгердің төлемі, телефон үшін абоненттік ақысының көбейту бөлігінде деректі есептелген сомадан аспауы керек.

7

7. Тұргын үй ауқымының нормасы отбасының эр мүшесіне арналган пайдалы ауқымынан 18 шаршы метр, отбасына арналган жалпы ауқымынан қосымша 18 мегр құрайды, бірақ отбасы тұратын ауқымынан аспауы керек. Бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылар үшін - бір бөлмелі пәтердің барлық ауқымы.

8

8. Тұргын үй көмегін есептегенде қолданыстағы заңнамамен белгіленген тұрғын үйді ұстауға жіберу (тұтыну) нормативтері және коммуналдық қызметтердің келесі түрлері: салқын жэне ыстық су, канализация, электр қуат, жылумен, газбен, қоқыс әкетудін, лифтгерге қызмет көрсету есепке алынады.
Электрқуатты жіберу (тұтыну) нормасы, бір адамға айына 45 киловатт құрайды.

9

9. Тұрғын үй көмегін тагайындағанда мыналар есептеледі:

1

1) тұргын үй көмегін алуға құқығы жоқ:
жеке меншігінде бір тұрғын үйден артық үйі бар немесе тұрғын үй орнын жалға тапсырушы отбасылар (тұлғалар) меншігіндегі екі тұрғын үй бірлігінің біреуін Мемлекеттік тұрғын үй қорына бере отырып, меншіктену құқығынан бас тартқан; белгіленген тәртіпте пәтерді жатсынған немесе екінші пәтер тастап кетілген үйде орналасқан, ҰОС қатысушылары мен мүгедектердін, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлерінің меншігінде екі тұрғын үй болса;
әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшін заңдылықпен бекітілген ақшалай өтемақының айлық мөлшерімен;
еңбекке жарамды жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, Қарулы Күштер қатарларында қызмет етпейтін және «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан эрі жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалары бөлімі) жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасылар, ерекшелігі; жүкті әйелдер (өтініш еткен мерзімге); үшінші топтағы мүгедектер;
50 жастан асқан әйелдер және 55 жастан асқан ер адамдар; жеті жасқа дейін балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтар; басқа біреудің көмегіне мұқтаж деп танылған сексен жасқа толған қарияларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің өтініш еткен мерзімінде бағып-күтумен айналысатын азаматтары;

2

2) тұрғын үй көмегін алуға құқығынан айырылады:
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6-тармағының 1)-5)-тармақшасында қарастырылған себептер бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде есептен шығарылған жұмыссыз азаматтары бар отбасылар есептен шығару күннен бастап алты ай мерзімге;
жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтемақының көтерілуіне немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған күмәнді мәліметтер бергені үшін отбасы (азаматтар) жіберілген қатені анықтаған күннен бастап он екі ай мерзімге;

3

3) отбасы құрамындағы Рудный қаласынан тыс жерлерде орналасқан орта және арнайы орта, жоғары оқу орындарда оқитын тұлғалар есепке алынбайды;

10

10. Осы ережелердің 9-тармағы 2)-тармақшасында белгіленген тұргын үй көмегінің артық алынған сомалары заңнамамен белгіленген тәртіпте қалалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдіру тәртібі

3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдіру тәртібі

11

11. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдіруші тоқсан сайын жұмыспен қамту жэне элеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш етеді. Осы Ережелердің
қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылған өтінішпен бірге келесі кұжаттар қоса беріледі:

1

1) жыл сайын:
пәтердін немесе жеке үйдің жоспары көшірмесі;
телекоммуникация қызметтерін көрсетуге шарттың көшірмесі, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі, телефондары бар тұлғаларға - осы Ережелердің 25-тармағында көрсетілген ұйымдарда жеке шоттың бар болуын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларга қатысы бар екенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
егер кәмелетке толмаған балалар болса туу туралы куәліктерінің көшірмелері жалгызілікті аналар үшін - аумақтық әділет органдарының азаматтык хал актілерін тіркеу бөлімдері беретін әке болуды анықтауды тіркеу туралы аныктаманын (№ 4 нысан) көшірмесі;

2

2) өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының жиынтық кірісін дәлелдейтін құжаттар тоқсан сайын:
есептелген жалақы туралы анықтама - жұмыс істейтіндер үшін; жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама - жұмыссыздар үшін; алименттер туралы анықтама - балаларға және асырауындағы баска адамдарға алименттерді алатын тұлғалар үшін;
көмекке мұқтаж екені туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиянын анықтамасы немесе дәрігерлік-кеңестік комиссияның шешімі — басқа біреудін көмегіне мұқтаж қарияларға және мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын тұлгаларға;
медициналық мекемесінен анықтама — жүкті әйелдер үшін; тағайындалған зейнетақы және (немесе) жәрдемақы мөлшері көрсетілген зейнеткер куәлігінің көшірмесі — зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік көмек және жәрдемақы алушылар үшін;
оқу орнынан анықтама - 16 жастан асқан оқушылар мен студенттер үшін.
Өтініш беруші тоқсан сайын азаматтарды тіркеу кітабын, өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанға коммуналдық қызметтерді төлегені жөнінде түбіртіктерді береді.

12

12. Тұргын үй көмегін алушылар меншігіндегі өз үйінің, отбасы құрамы және онын жиынтық кірісінің кез келген өзгерістері туралы, сонымен қатар дұрыс есептелмеген тұрғын үй көмегі жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөліміне ақпарат беруі керек.

13

13. Құжаттардын толық пакетін бермеген өтініш білдіруші тұрғын үй көмегін алу кұқығынан айырылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құқылы:
әділет органдардан өтініш берушінің жоқ болган (бар болган) жылжымайтын мүлігі туралы ақпаратты сұрау етуге;
берілген құжаттар күмәнді болып шықса тұрғын үй көмегін алуға үміттенетін тұлғалардың кірісі туралы ақпаратқа сұрау салуға, олардың материалдык жагдайын тексеруге құқылы. Жеке және заңды тұлғалар талап етілген ақпаратты беруге міндетті.

14

14. Осы Ережелердің қағилаларымен реттелмеген жағдайлары туындаған уақытта өтініш беруші әлеуметтк көмек көрсету жөніндегі қалалық кеңестік ведомствоаралық комиссияның мәжілісіне шақырылады.

4. 4. Турғын үй көмегін тағайындау

4. Турғын үй көмегін тағайындау

15

15. Тұрғын үй меншіктенушінің (жалдаушының) өтініші жәэне оған қоса беріліп отырған құжаттардың негізінде оған тұрғын үй көмегін есептеуді қосып шарт жасалады.
Тұрғын үй көмегін есептеу формуласы:
К = Ш - К х 15%,
мұнда К - тұрғын үй көмегінің көлемі;
Ш - тұрғын үй көмегін ұстауға арналған шығындар;
К - отбасының жиынтық кірісі.

16

16. Жиынтық кірісті есептеу қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

17

17. Шарт тұрғын үйді меншік иесі (жалдаушы) және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар арасында бір тоқсан мерзімге құрылады.
Шарт жазбаша түрінде екі данадан кем емес құрылады. Шарттың біреуі тұрғын үйді меншіктенушіде (жалдаушыда), екінші данасы тұрғын үй көмегін алушының жеке іс қағаздарында тұрғын үй көмегінің есептеумен сақталады.
Шартқа екі тарап қол қояды және өтініш берушіге беріледі. Шартты алу талаптары өтінішті қабылдау кезінде ескертіледі.
Өтініш берушімен қол қойылмаған шарт жарамсыз болып табылады. Бұл жағдайда тұрғын үй көмегі ретінде тағайындалған сомалар қалалық бюджетке кайтарылуы тиіс.

18

18. Ағымдағы жылда тұрғын үй көмегін тағайындауға бірінші рет өтініш білдіргендерге — айдың 26 күнге дейін өтініш берсе өтініш беру айынан бастап. Ағымдағы айдың 26 күннен кейін өтініш берсе - тұрғын үй көмегі келесі айдың 1 күннен бастап тағайындалады.
Қайталап өтініш білдіргенде, егер өтініш тоқсанның соңгы айының 25 күнінен аспаса, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның барлығына тағайындалады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде бірінші рет тіркелген тұлғалар үшін тұрғын үй көмегі өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады, бірақ тұлғаны жұмыссыз деп таныған күннен ерте тағайындалмайды.

5. 5. Қосымша жағдайлар

5. Қосымша жағдайлар

19

19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мақсатты ағымды трансферттердің және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен, ағымдағы қаржылық жылға бекітілген сомалар шеңберінде жүзеге асырылады.

20

20. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ай сайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бюджеттік бағдарламаның паспортына және қаржыландыру жоспарына сәйкес
коммуналдық қызметтерді көрсететін ұйымдардың қаражаттарын орнын толтыру үшін рұқсат береді.

21

21. Отбасынын (азаматтын) мейлінше жіберілуі мүмкін шығындар үлесі, сонымен қатар
коммуналдық қызметтердің ставкалар және тарифтер өзгергенде,
өтініш берілген айдан бастап бұрын есептелген соммасы кайта есептеледі.

22

22. Тұрғын үй көмегін алушы көрсетілген кызметтерге төлеу мақсатымен тағайындалған тұрғын үй көмегінін қандай болса да бөлігін өз жеке шотынан кызмет
көрсетуші кәсіпорынға аударуы құқылы.

24

24. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінін арттырылуына өтемақы төлеудін кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде, тиісті операциялар түрлерін өткізуге Қазақстан Республикасының Халық банкінің лиңензиясы бар ұйымдарға өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.