Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности Күшін жойған
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 - бабының 3 - тармағын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 4 - тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.