О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысымен. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi реттеу және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мыналарды жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар беру күнiне жеке капиталдық жеткiлiктi деңгейi былайша белгiленсiн: нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi - кемiнде 15000 есептi көрсеткiш; клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және дилерлiк қызметтi - кемiнде 5000 есептi көрсеткiш; 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР БҚҰК 1997.06.30 N 113 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары күші жойылды - ҚР БҚҰК 1998.06.25. қаулысымен.
Тармақ 2
2. Брокерлiк және дилерлiк, тiркеушiлiк қызметке лицензиясы бар кәсiпқой қатысушылар 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жеке капиталының жеткiлiктi деңгейiн және олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн айқындайтын құжаттарын осы қаулыға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi реттеу басқармасына және Ұлттық комиссияның оған жетекшiлiк ететiн мүшесiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Қаулы қабылданған сәттен бастап күшiне енедi.