Об утверждении Типовых правил деятельности методического (учебно-методического, научно-методического) совета и порядок его избрания Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жоғары оқу орындарының әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 тамыздағы N 554 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3825 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. "Келісілді" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2007 жылғы 26 желтоқсан
Басқа 0. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 644 бұйрығымен бекітілген Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарында әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі-Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже білім беру ұйымдарында басқарудың алқалы органдары болып табылатын әдістемелік ғылыми кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін қамтитын әдістемелік кеңес (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) (бұдан әрі - Кеңес) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын , білім беру ұйымның жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
Тармақша 4
4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;
Тармақша 5
5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
Тармақша 6
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 8
8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;
Тармақша 11
11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 12
12) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
Тармақ 5
5. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
Тармақша 3
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
Тармақша 8
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;
Тармақша 9
9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;
Тармақша 10
10) пререквизит және постреквизиттерді бекіту;
Тармақша 11
11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
Тармақша 12
12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;
Тармақша 13
13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Тарау 4. 4. Кеңестің сайлау және жұмыс тәртібі
4. Кеңестің сайлау және жұмыс тәртібі
Тармақ 6
6. Кеңестің құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, оқу-әдістемелік ұйымдардың басшылары, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау, білім беруді ақпараттандыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшылары кіреді. Кеңестің құрамы білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 7
7. Кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары - Төраға басқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Егер әдістемелік кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады.
Тармақ 13
13. Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы білім беру ұйымдарының педагогикалық, ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.
Тармақ 14
14. Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.