Об утверждении правил оказания жилищного пособия Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсетудін ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 97-бабының 2-тармағының негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудін ережелері бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 29 шешіммен бекітілді Тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1. Тұрғын үй жәрдемақысы «Меңдікара ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы тұрғын үй жәрдемақысы түрінде тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын отбасылар (азаматтар) және тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге шекті мүмкін шығыстар үлесі отбасының (азаматтардың) жиынтық табысынан 20 пайыз асса меншік иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы) болып табылатын отбасылар (азаматтар) тұрғын үй жәрдемақысын алушылар болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде тұрғын үйдің бір бірлігінен аса немесе тұрғын үй-жайды жалдауға (жалға) беруші отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасыларда еңбекке жарамды адамдар жұмыс істемесе, күндізгі оқу бөлімінде оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыссыздар ретінде әлеуметтік қорғау орындарында тіркелмесе тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Ерекшелікті құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамдар (негіз - медициналык қорытынды), 3 топтағы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушы адамдар;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларға күтімді жүзеге асыратын адамдар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі балалары бар аналар, баланы күту бойынша жалақысы сақталуынсыз демалысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңына сәйкес ресімдеген, жаңа туған балаларды ұл (қыз) асырап алған әйелдер (еркектер) немесе 3 жасқа дейінгі балаларға күтім бойынша оларды ауыстыратын адамдар;
Тармақша 4
4) туберкулез диспансерінде ұзак уакыт стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде болған адамдар;
Тармақша 5
5) босқын мәртебесі бар адамдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ және Қазақстан Республикасында тұракты тұратын адамдар;
Тармақша 6
6) жұмыс істемеген, әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының есебінде босануға дейін тіркеуде тұрмаған үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудың шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудың шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алғанда алаң нормасы есепке алынады: бірадамға пайдалы алаң - 15 шаршы метрден кем емес және 18 шарты метрден аспауы кажет. Отбасының нормативтік алаң шегінде тұрғын үй-жайды пайдалану, ауданның коммуналдық кәсіпорындары ұсынатын нақты коммуналдық шығыстар жәрдемақыны тағайындаудың объектісі болып табылады: жылу беру; ыстық су, бір адамға норма бойынша; суық су, бір адамға норма бойынша; электр қуаты, бір адамға 50 киловаттан артық емес; газ баллон газды пайдаланғанда бір айда 6,7 килограммнан артық емес нормасы бойынша. Тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу осы норманың ережелерімен белгіленгеннен артық болса жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Құрметті азаматтарға осы ережелердің 5-тармағында көрсетілген алаң нормасын есепке алып коммуналдық қызметтерге төлем сомасы өтеледі.
Тармақ 7
7. Отбасылар, егер отбасы мүшесінің біреуі баланың қорғаншысы болса уәкілетті органдардың шешімі бойынша, жиынтық табыс қорғаншының табысын есепке алмай есептеленеді.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына азаматтардың өтініш жасау тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына азаматтардың өтініш жасау тәртібі
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мыналарды тапсыруға міндетті: белгіленген үлгідегі тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішті; жұмыс істейтін азаматтар - өткен токсанға жалақысы туралы анықтаманы; неке қию, некені бұзу туралы куәлікті немесе некені бұзу туралы соттың шешімін; жылына бір рет жылжымайтын мүліктің бары туралы анықтаманы; жеке куәліктің көшірмесін; азаматтарды тіркеу кітабының немесе тұрғындарды есепке алу кітабынын көшірмесін; зейнетақы куәлігінің көшірмесін.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына өтініш жасаған адамдарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін мыналар беріледі: Меңдікара ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - жұмыссыздар ретінде әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтерді және көрсетілген материалдық көмек сомасын; Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі -қарастырылған отбасыларының оқушылары мен мектепке дейінгі балаларына көрсетілген көмек туралы мәліметтерді. Ай сайын: ауданның коммуналдық қызметтері - есептелген коммуналдық мәліметтер, пайдалану шығыстары туралы мәліметтерді.
Тармақ 10
10. Азаматтар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішімен әр тоқсан сайын әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына өтініш жасайды. Дәлелді себепсіз тоқсан ішінде қайта тіркеуден өтпеген адамдар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығын жоғалтады. Тағайындау кезінде отбасы құрамындағы өзгерістер туралы 10 күндік мерзімде хабарламаған адамдарға тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде алдағы токсандағы есепке алынады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысы толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан өтініштер тоқсан бойы қабылданады.
Тармақ 13
13. Алғашкы рет өтініш жасаған азаматтарға, отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысы өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады, басқа жерден келген он сегіз жастан жоғары адамдарға тұрғын үйінің жоқтығы анықтама беріледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі осы берілген ереженін, 5-тармағында белгіленген және осы ереженің 7, 8- тармақтарында көзделген мақсаттарына осы отбасы табысының шекті мүмкін деңгейімен алаң шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерді тұтынуға нақты төлем арасындағы айырмашылық ретінде белгіленеді.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде отбасының (азаматтардың) -жиынтық табысына, косалқы шаруашылықтан және саяжай учаскелерінен түсетін табыс енгізіледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде табыстар туралы қабылданатын шын ақпаратты әдейі бермеген жағдайда, өтініш беруші күнтізбелік жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегінің артық төленіп қойылған сомалары өз еркімен қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тетіктері
6. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тетіктері
Тармақ 17
17. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - есептелген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық ведомосын құрастырады.
Тармақ 18
18. «Меңдіқара ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй жәрдемақысын есептеудің жиынтық ведомосында көрсетілген сомаларда «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің каржыландыруын жүргізеді.
Тармақ 19
19. «Меңдікара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық кәсіпорынның мекен-жайына қызметтерді жеткізушілер шотына жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомасын аударады.
Тармақ 20
20. Коммуналдық және пайдалану қызметтердің жеткізушілері түскен сомаларды жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына енгізеді.