Об организации и видах оплачиваемых общественных работ, финансируемых из районного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне» сәйкес, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қосымша тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, төленетін қоғамдық жұмыстар түрлері тізбесінің қосымшасы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындармен келісімшарт негізінде жұмыссыздарға төленетін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға байланысты қалыпты келісімшарттар жасасын;
жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелер және кәсіпорын басшылары қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз азаматтармен еңбек келісімшарттарын жасасын.
Тармақ 5
5. 3 топ мүгедектері қатарындағы жұмыссыздар мен дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеу қойылған азаматтар денсаулығына байланысты, дәрігерлік мекеменің ұсынған жұмыс түрлеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберілсін.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарды істеген жұмыссых азаматтардың еңбегі келісімшарт негізінде нақты көлемі үшін жергілікті бюджеттен төленуі және белгіленген ең төменгі еңбекақыдан аз болмауы тиіс.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2006 жылы 21 желтоқсандағы бекітілген «Железин ауданы кәсіпорындарында 2007 жылға арналған төленетін қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы» № 415/12 қаулысының (2007 жылғы 25 қаңтардағы МТН 12-6-35 жылғы 3 ақпанда № 5 аудандық «Родные просторы» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Басқа 10. Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындар тізімі
Железин ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «24» желтоқсан
№ 349/13 қаулысына 1-қосымша
Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындар тізімі
Тармақ 1
1. Железин ауданы әкімдігі, Железин селолық округі әкімі аппаратының «Шебер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Лесной селолық округі әкімі аппаратының «Қамқор» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Лесной селолық округі әкімі аппаратының «Қамқор» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Веселая роща селолық округі әкімі аппаратының «Мақсат» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Железин ауданы Еңбекши селолық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Железин ауданы Уәлихан селолық округі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Железин ауданы Озерный селолық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы, Башмачин селолық округі әкімі аппаратының «Ертіс» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Михайловка селолық округі әкімі аппаратының «Өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Ақтау селолық округі әкімі аппаратының «Ақтау» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімі аппаратының «Әділет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. Железин ауданы Новомир селолық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Алакөл селолық округі әкімі аппаратының «Алакөл» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Басқа 24. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар түрлерінің ТІЗБЕСІ
Железин ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «24» желтоқсан
№ 349/13 қаулысына 2-қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар түрлерінің ТІЗБЕСІ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекен аумағын жинастыруға (аумақты қардан, қоқыстан тазалау, ескі құрылымдарды сыру, қоқысты шығару және үйінділерді жою) көмек көрсету;
жолдарды жөндеу және салу (шұңқырларды жабу, тегістеу, түйіндеу);
су кернеуші мұнарлары және су құбырларын кұрту, ағымды жөндеу;
коммуналдық меншікті баспаналарды, сондай-ақ әлеуметтік мәдени маңыздағы объектілерді қайта құруға және күрлерді жөндеуге қатысу;
ауданды экологиялық сауықтандыру (көшеттерді отырғызу және күту, гүлзарлар мен гүл бақшаларды бөлу, елді мекендерді көріктендіру);
мәдени мақсатты ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету спорттық жарыстар, фестивальдер, балалар спорт аландардың құру;
республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге қатысу (қоғамдық пікірлерді жинақтау, халық санағы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына күзгі - көктемгі шақыруларды ұйымдастыруға көмектесу);
коммуналдық меншік объектілерін күзету;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды ресімдеуде, учаскелік комиссияның техникалық жұмысын жүргізу, тұрғындарды құжаттандыру (коммуналдық кәсіпорындар арқылы келісім бойынша);
ветеринарлық (алдын - алу іс-шараларын жүргізуде көмек көрсету);
жалғызбасты қарт азаматтарға және мүгедектерге көмек көрсету және күтім жасау;
тарихы - сәулет ескерткіштері мен обелискілерді қалпына келтіру;
зиянды жәндіктермен күрес бойынша химиялық және зерттеу жұмыстарын жүргізуде көмек көрсету;
су қоймаларында қауіпсіздік сақтау және судан құтқару бекеті.