Об организации оплачиваемых общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына «Тұрғындарды жұмыспен қамту» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілсін:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына елді-мекендердің аумақтарын жинауға көмектесу;
Тармақша 2
2) Жол құрылысы және жолды жөндеу, су, газ құбырын, канализацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ак сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, құм, т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымдағы жөндеу (шұнқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кіре беріс жолдарды жөндеу);
Тармақша 3
3) Мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқындарына байланысты жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер құрылысына, оларды қайта салу және күрделі жөндеуге қатысу. Әлеуметтік және мәдениеттік маңызы бар (коммуналдық меншік болып табылатын мәдениет үйі, денсаулық сақтау (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру объектілері, селолық округ әкімдері аппараттары және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға берілген ғимараттар, егер осы мақсатқа жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған болса немесе объектілерді тиісті түрде ұстау үшін ол қаражат жеткіліксіз болса) объектілерде қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде көмек көрсету;
Тармақша 5
5) тарихи-сәулет ескерткіштерін, көшенін және қорық аймақтарын қалпына келтіру;
Тармақша 6
6) өңірді экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және көркейту, ағаш отырғызу, гүлшаттар егу), орман шаруашылығын, дем алатын жерлерді және туризм аймақтарын сақтау және жетілдіру, қаңғырма жануарларды аулау);
Тармақша 7
7) спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салудағы қосалқы жұмыстарды да орындау;
Тармақша 8
8) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға (сауалнама жүргізу, халық санағы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі статистикалық тексеріс) қатысу;
Тармақша 9
9) халықтың аз қамтамасыз етілген топтары және жалғызбасты қарттар, жаңадан қоныс аударған оралмандар, сондай-ақ кала мен аудандардың әлеуметтік-тұрмыстық мәдениет объектілері үшін отын және жемазық дайындауға, көмірді артуға, жеткізуге және түсіруге көмек көрсету;
Тармақша 10
10) үй шаруашылығы санағын жүргізуге және шаруашылык кітабын жасауға көмек көрсету;
Тармақша 11
11) аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі әлеуметтік-мәдени бағыттағы маңызы бар объектілерді, сондай-ақ бос тұрган ғимараттарды күзету;
Тармақша 12
12) шалгай елді мекендерде тұратын тұрғындардың төлқұжаты жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына (халықты төлқұжаттау үшін қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу жөніндегі көмек) уақытша көмек көрсету;
Тармақша 13
13) селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде кұқық қорғау органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
Тармақша 14
14) есірткі заттарын тарату және пайдаланудың болжамалы жерлерінде, сенім пункттерінде волонтер ретіндегі жұмыс;
Тармақша 15
15) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөніндегі бір жолғы жұмысты (мерекелік және мерейтой даталарына дайындық) өткізу;
Тармақша 16
16) саябақтар, скверлер аумағын (жеке меншік объектілерінен басқа) көркейту және күзету;
Тармақша 17
17) зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру.
Тармақша 18
18) бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылу беру маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс;
Тармақша 19
19) жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау);
Тармақша 20
20) иесіз қалған жылжымайтын мүлікті айқындауға көмек қөрсету;
Тармақша 21
21) тұрғындарды тұрақты жері боиынша құжаттауда және тіркеуде техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 22
22) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау;
Тармақша 23
23) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету;
Тармақша 24
24) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету;
Тармақша 25
25) жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде кажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету
Тармақ 2
2. Селолық округгардың әкімдеріне, тұргын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «ТКШ Базис» шаруашылык жүргізу құкығындағы мемлекеттік коммуналды шаруашылығы ақалы коғамдык жұмыстарды ұйымдастырсын.
Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайы, еңбек ақысының көлемі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жеке еңбек келісім-шартында көрсетілген.
Тармақ 3
3. Жамбыл ауданының қаржы бөліміне коғамдық жұмыстарды қаржыландыру аудандық мәслихаттың сессиясында 2008 жылға бекітілген бюджеттің қаржысы шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне «Жұмыспен қамту туралы» Қазакстан Республикасының 2001 жылғы каңтардағы Заңының 20 - бабының 2 - тармағына сәйкес азаматтардың қоғамдық жұмыстарға катысуы тізімге тіркелген күнінен бастап жүзеге асырсын, мақсатты топтарға енген жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмыска қатысу кұкығы басыңкы.
Тармақ 5
5. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне коғамдық жұмыспен камтамасыз етілген азаматтарға ақы төлеу «Қоғамдык жұмыстарды қаржыландыруды және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, кайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 (2001 ілғы 30 шілдедегі тіркеу №398) каулысы негізінде төлеуді жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бакылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бәлімінің бастығына жүктеледі.
Тармақ 7
7. «Акылы қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 04 каңтарындағы №1 (2007 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу №13-7-476, 2007 жылғы 16 ақпан №8 «Ауыл арайы- Сельская новь») күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы каулы олардын бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн откеннен кейін қолданыска енеді.