Об утверждении Соглашения между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой, Республикой Таджикистан и Республикой Узбекистан об общих принципах формирования рынка ценных бумаг Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың жалпы принциптері туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету, бағалы қағаздар рыногы мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың жалпы принциптері туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы мен Келісімге қатысушы елдердің арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.