Об установлении ограничительных мероприятий в Достыкском сельском округе по случаю возникновения бруцеллеза крупного рогатого скота Қолданыста
Басқа 0
Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, 25, 26-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 369, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті малдәрігерлік іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын бекіту туралы" № 367 бұйрықтарына сәйкес, бас мемлекеттік малдәрігерлік инспектордың 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 1-10/1067 ұсынысын қарап, Достық селолық округіндегі ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу жаче оны жою мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункт - Достық селолық округі, ондағы:
эпизотикалық ошақ - Парамоновка ауылы;
қауіп төндірілетін аймақ ретінде - Достық, Төртқұдық, Парамоновка (шағын) ауылдары;
Тармақша 2
2) қосымшаға сәйкес Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық
аумақтық инспекциясы (С.Б. Әміргалиев) (келісім бойынша), Достық
селолық округінің әкімі (Ж. Байлаубай) шектеушілік іс-шараларды орындау
бойынша шара қолдансын.
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
4 .Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын үйлестіру "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.М. Сералиновке жүктелсің.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылыгы
министрлігі агроөнеркәсіптік
инспекциясы комитетінің
Ақсу қалалық аумақтық
инспекциясының бастығы
С. Әміргалиев
Ақсу қалалық ішкі істер
бөлімінің бастығы М. Исенов
Ақсу қаласы бойынша,
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті
басқармасының бастығы
Т. Сламбеков
Басқа 5. Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жагдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар
"Достық селолық округінде
ірі қара мал бруцеллезінің
пайда болу жағдайы бойынша
шектеушілік іс-шараларды белгілеу
туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің
2007 жылгы 12.12, № 1025/9
қаулысына қосымша
Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жагдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар
№ р/с
Іс-шаралар
Мерзімдері
Орындалуына жауаптылар
1. Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезін алдын алу жэне жою жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралар
1.
Достық селолық округінің барлық елді мекендерінің тұрғындарымен ірі қара малды бруцеллезден сауықтыру мэселесі жөнінде азаматтар жиынын өткізу
2008 жылғы қаңтар
Достық селолық округінің экімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) жэне ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша)
2.
Халықтағы малдардың аулалық есебін, сондай-ақ қол қойдыра отырып, мал иелерін журналға енгізумен ауылшаруашылық малдарын толық теңестіруді жүргізу және нақты мал басының санын шаруашылық кітабындагы деректерге сәйкес келтіру
2008 жылғы қаңтар
Достық селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
3.
Малдардың бруцеллезін алдын алу бойынша, адамдардың денсаулығы үшін қауіпті екендігі туралы, мал шаруашылығына келтірілген шығындар туралы газетті, радионы және теледидарды пайдалана отырып, халықпен насихат жұмысын жүргізу
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Достық селолық округінің әкімі
4.
Ветеринарлық жэне санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге малдар мен адамдардың бруцеллез аурулары анықталған жағдайда бірлесіп эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексеруді жүргізу үшін түрақты өзара жүмысты жүргізу
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша)
5.
Малдардың бруцеллезінің алдын алу және күрес жөніндегі іс-шараларды өткізген кезде мал иелеріне практикалык және тәжірибелік көмек көрсету
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркэсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Аудандық ветеринарлық зертханасы" Ақсу филиалы "Ресггубликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Ақсу аудандық ветеринарлық зертханасы (келісім бойынша)
—
6.
Достық селолық округіндегі ірі қара малдың барлық мал басын бруцеллезге екі мәрте теріс нәтиже алғанға дейін тексеру
Екі мәрте теріс нәтиже алғанға дейін 30-45 күннен кейін
Селолық округтің мемлекеттік мал дэрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
7.
Айқындалған бруцеллезбен ауыратын малдар тезарада оқшаулауға жэне союға жатады
Бес күн ішінде
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
8.
Түдымдық аталық бүқаларды тоқсан сайын зерттеу
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
9.
Ауылшаруашылық малдарының іш тастауы бойынша қатаң есебін жүргізу, осындай малдар айқындалған жағдайда тезарада союға тапсыру, қалған мал басын қосымша зерттеу
Бес күн ішінде
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
10.
Мал шаруашылығы үй-жайларын және оларға іргелес аумақтарды залалсыздандыруды жүргізу
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойьшша)
11.
Үш айлық профилактикалық бақылаудан кейін қорытынды залалсыздандыруды жүргізу
Бруцеллезге тексерудің теріс нәтижесі болғанда
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
12.
Меншік нысанына қарамастан мал иелерінің, сондай-ақ қарым-қатынаста болған мал иелерінің бруцеллезге жэне басқа ауруларға медициналық тексеруден уақытылы өтуді қамтамасыз ету
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша), ауылдың дәрігерлік амбулаториясының медициналық қызмет-керлері және Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары
13.
Малдарға қызмет көрезткенде арнайы киімдер мен аяк киімдерді қолдалу
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадагалау департаментінің мамандары
14.
Малдарды ұстау орындарын қол жуғыштармен, сабынмен, орамалмен, алғашқы медициналық көмектің аптечкасымен жэне басқа залалсыздандырғыш құралдармен қамтамасыз ету
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары