Жергілікті уәкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмекті тағайындау бағдарламасы туралы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті уәкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген категоряларына әлеуметтік көмекті тағайындау бағдарламасы туралы
Аудандағы аз қамтылған азаматтардың тұрмыс тіршіліктерін жақсартуға және олардың материалдық жағдайларын көтеріп, әлеуметтік қолдау мақсатында Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау туралы Қағиданы қарап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті уәкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген категорияларна әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік жағынан қорғау, мәдениет, білім, спорт және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.
Басқа 4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы ҚАҒИДАСЫ
Май аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсанда
«Жергілікті уәкілетті органдарының
шешімі бойынша азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмекті тағайындау Қағидасы туралы»
№ 25/4 шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мұгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабы 1 тармағының 17 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін женілдіктер, оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және кеделікті төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына бір реттік көмек ұйымдастыру және кейбір әлеуметтік сұрақтарын шешетін жағдайларға ақшадайқаржыбөлуді қарастырады.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар азаматтар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары, мүгедектері, Қазақстан Республикасы алдында және облыс алдында ерен еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер, Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан адамдар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары, мұгедектері, концлагерде азап шеккен жасөспірімдерге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
Тармақша 3
3) Облыс алдында сіңірген ерен еңбегі үшін зейнетақыалатын, мемлекеттікарнайы жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер алмайтын зейнеткерлер;
Тармақша 4
4) Аудандық мәслихаттың шешімі бойынша «Құрметті азамат» атағына ие болған мемлекеттік арнайы жәрдемақы және басқа әлеәметтік төлемдер алмайтын зейнеткерлер;
Тармақша 5
5) ЧАЭС апаттарының зардаптарын жоюға қатысқандарға – 7 Мамыр, Отанды қорғаушылар күні қарсаңында;
Тармақша 6
6) Ауған соғысына қатысушыларға – 7 Мамыр, Отанды қорғаушылар кұні қарсаңында;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары дәрі-дәрмек алу үшін;
Тармақша 8
8) 9200 теңгеге дейін зейнетақы алатын жалғызілікті зейнеткерлер, отын сатып алу үшін 2 тоннадан көмір және 1 куб ағаш алып беру;
Тармақша 9
9) Ауған соғысына қатысушыларға – ауған соғысынан тұжырым әскери күніне материалдық көмек;
Тарау 3. 3. Тағайындау тәртібі
3. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Аудан аумағында тұратын тұрмысы төмен және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі ауыл әкімдеріне материалдық көмек алу үшін өтініш береді.
Тармақ 4
4. Ауыл әкім жергілікті жердегі учаскелік комиссиямен бірігіп, өтініш берушінің материалдық жағдайын тексереді. Тұрмысы нашар отбасыларынаның тұрмыс тіршілігін тексеріп, тексеріс актісінде толық баяндап, әлеуметтік көмек қажет ететін азаматтардың тізімін тексеріс актісіне және салық төлеушінің нөмерін қосып, аудандық әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі комиссияның қарауына жібереді.
Тармақ 5
5. Төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен ең ауыр науқас мүгедек балалардың жанұяларына берілетін көмек, жергілікті жерлердегі учаскелік комиссияның берген қорытындысы негізінде және аудандық комиссияның шешімі бойыншы беріледі.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлер мен мүгедектердің тізімдері мен қоса олардың салық төлеу нөмірі қоса тіркеледі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемдер номативі
4. Әлеуметтік төлемдер номативі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті қажет етушілерге, аз қамтамасыз етілген отбасыларының мүшелеріне ауыл әкімімен келісім бойынша жеке тұлғаларға трансферттер түрінде қаржы қаралады.
Тарау 5. 5. Тұрмысы нашар өте мұқта отбасыларына төлемтәртібі
5. Тұрмысы нашар өте мұқта отбасыларына төлемтәртібі
Тармақ 10
10. Трансферттер түрінде жеке тұлғаларға бөлінген қаржы Казпошта аудандық бөлімі арқылы шоттарға аударылады.
Тарау 6. 6. Есеп және есеп беру
6. Есеп және есеп беру
Тармақ 11
11. Тұрмысы нашар отбасыларына әлеуметтік бір мезгілдік төлемдерді, атап атқанда, осы ереженің пункттерінде көрсетілген тағайындау, есеп және есеп беруді жүргізуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
Тармақ 12
12. Селолық округ жанындағы учаскелік комиссия тұжырымына сәйкес барлық бірінші құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі, есеп беру бөлімі аудандық бюджеттен бөлінген қаржы туралы есепті жүргізеді және бағдарламаның орындалғаны туралы жоғары органдар алдында есеп береді. Сондай-ақ қаржының толық игерілген және дұрыс жұмсалғаны туралы толық жауап береді.