Май ауданы, Жұмыскер ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Май ауданы , Жұмыскер ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына» сәйкес талқылап және қарап аудан әкімі мен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыскер ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Чапаев көшесіне Жаныс Тұяқбаевтың есімі берілсін
Тармақша 2
2) 50 лет Октября көшесі Достық көшесі деп аталсын
Тармақша 3
3) Гагарин көшесіне Иса Байзақовтын есімі берілсін
Тармақша 4
4) Южная көшесіне Жамбыл Жабаевтың есімі берілсін
Тармақ 2
2. Келесі ұсынысқа дейін Жұмыскер ауылындағы Целинная, Пушкин көшелерінің атаулары өзгертілмей, сол қалпында қалдырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының ауыл мәселелері және экология жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.