Май ауданы, Баскөл селолық округі Баскөл ауылының және Көктубек селолық округі, Көктөбе ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Май ауданы, Баскөл селолық округі Баскөл ауылының және Көктубек селолық округі, Көктөбе ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қантардағы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына» сәйкес талқылап және қарап аудан әкімі мен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Баскөл ауылындағы Амангельды Иманов атындағы көшенің атауы өзгертілмесін.
Тармақ 2
2. Көктөбе ауылындағы Өзен және Жиекжай көшелері біріктіріліп, бұл көшелердің атауы өзгертіліп, Республикалық дәрежедегі зейнеткер, «Май ауданының Құрметті азаматы» Хатип Хабиұлы Демесиновтың есімі берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының ауыл мәселелері және экология жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.