Құйған ауылдық округіне қарасты Жамбыл учаскесінде қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құйған ауылдық округіне қарасты Жамбыл учаскесінде қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Тарбағатай аудандық аумақгық инспекциясының бас мемлекетгік ветеринария инспекторының эпизоотиялык зерттеу анықтау актісі және картасы негізінде Құйған ауылдық округінің Жамбыл учаскесі тұрғындарының қой-ешкі малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 37 бабының 1,6 тармағын басшылыққа алып ҚАУЛЬІ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің Жамбыл учаскесі аумағы көлемінде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап шектеу жариялансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Заңдылықтарына сәйкес Құйған ауылдық округінің Жамбыл учаскесі аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы малдәрігерлік шараларының жоспары бекітілсін. /Қосымша № 1/
Тармақ 3
3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы бастығы (Б. Қажыкенов келісімі бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (М. Сүлейменова келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы (М. Тырнақбаев) тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Атқарылған шаралардың орьндалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніңдегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д. Тулембаевқа және Құйған ауылды округінің әкімі С. Оспановқа міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орьнбасары Н. Қараталовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Басқа 8. Тарбағатай ауданы Құйған ауыл округі Жамбыл учаскесі бойынша 2008 жылға адам мен жануарға ортақ бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында койылған шектеудің іс шаралары
Тарбағатай ауданы Құйған ауыл округі Жамбыл учаскесі бойынша 2008 жылға адам мен жануарға ортақ бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында койылған шектеудің іс шаралары