Об утверждении Правил предоставления социальной помощи специалистам государственных организаций Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағына және 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 11-03/4340 жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынуымен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Отын сатып алу бойынша ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардын мамандарына (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт) әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Ереженің орындалуын бақылау депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қосымша Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-4/7 шешімімен бекітілген Отын сатып алу бойынша ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт) әлеуметтік көмек беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже 2005 жылғы 8 шіледедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында жасалған.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға төленетін біржолғы ақшалай төлем (әрі қарай әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлем) аудан әкімдігі қаулысымен тағайындалады және жылына бір рет төленеді.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемдер әлеуметтік қорғау аумағындағы кеңестің шешімі негізінде Жарқайың ауданының «жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (әрі қарай бөлім) мемлекеттік мекемесіне тапсырылған құжаттармен тағайындалады:
Тармақша 1
1) қаржы төлемін тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) «Қазпошта» АҚ жеке шот нөмірі;
Тармақша 3
3) Жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 4
4) Мекен-жайы бойынша тіркелгендігін білдіретін құжат;
Тармақша 5
5) СТН көшірмесі;
Тармақша 6
6) Жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақ 4
4. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемдер минималды есептік көрсеткіштердің 3,5 көлемінде тағайындалады. Осы Ереженің, әрекеті қамтылған, екі немесе одан да көп бірге тұратын тұлғалардың әрқайсысына ақшалай төлемі жеке беріледі.
Тарау 3. 3. Төлемді қаржыландыру
3. Төлемді қаржыландыру
Тармақ 5
5. Ауыллдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемін қаржыландыру тиісті жылға осы мақсатта қарастырылғандай, жергілікті бюджет есебінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Есепке алу тәртібі, бақылау және есеп беру
4. Есепке алу тәртібі, бақылау және есеп беру
Тармақ 6
6. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемі «Қазпошта» акционерлік қоғамы алушылардың жеке шоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен, бірлескен реестр арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қаралған әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемі төленетін қаражаттың шамасына қарай тізімін құрып, тізімнің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемі бойынша есеп беру және бақылау 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.