Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Атбасар ауданы әкімінің № 01-1665 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелген тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына азаматтарға тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешімі (Ақмола облысының әділет Басқармасында 2002 жылғы 30 мамырында №1136 тіркелген, 2003 жылғы 17 қаңдарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолдануға енгізіледі.
Басқа 5
2007 жылғы 13 желтоқсандағы Атбасар аудандық мәслихатының №4С4/6 шешімімен бекітілген 1 қосымша Қауқарсыз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметке төлемақы ЕРЕЖЕСІ Негізгі Ережелер 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағы 12-6) тармақшасы, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үйлік қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1.1
1.1. Тұрғын үйлік көмек-тұрғын үйді ұстауға жеке тұрғын үйден басқа, коммуналдық тұтыну қызметтері мен байланыс қызметінің төлемдері бойынша шығынды өтеу үшін азаматтарға берілетін өтемақы. Тұрғын үйлік көмек әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Тұрғын үйлік көмекті тағайындайтың және төлейтін Уәкіл органы «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып саналады (әрі қарай Уәкіл органы)
Тармақ 1.3
1.3. Тұрғын үйлік көмек Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы аумағының тұрақты тұрғындарына, тұрғын үйдің меншік иелері немесе пайдаланушылары жалдаушылары болып табылатындарға, ол мыңдай жағдайда, егер олардың тұрғын үйлік жеке тұрғын үйден басқа төлем ақылары және коммуналдық қызметтерді тұтыну деңгейі осы мақсаттағы шығыстар шегінен аспаған жағдайларда беріледі. Берілген шектегі тұрғын үйлік жеке тұрғын үйден басқа қызметтер мен коммуналдық қызметтерді пайдалану отбасыларының жиынтық кірісінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұрғын үй қызметтерін тұтыну төлемақыларды жалпы негізде жүргізіледі. Телефон үшін абоненттік төлем тарифін көтеру төлемақысы әлеуметтік қорғалған, тұрғын үйлік көмек алушыларға, қалалық телекоммуникация торабының абонент болып табылатын азаматтарға беріледі.
Тармақ 1.4
1.4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін көлемнің нормасы 1 адамға 18 шаршы метрді құрайды. Өтемақыларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы жалғыз басты азаматтар үшін 30 шаршы метр, бір бөлмелі пәтерден кем емес. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (су мен жабдықтау, газбен, кәріз су арнасы, жылу қуаты, электр қуаты, қоқыс шығару) шығындарын өтеу нақты түрдегі шығыстар бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативімен-құрылыс нормалары және ережелер (ҚМмЕ) артық болмауы керек
Тармақ 1.5
1.5. Жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйлері пәтерлері, үйлері бар немесе тұрғын үйлерді жалға берушілер тұрғын үйлік көмек алу құқықтарын жоғалтады. Егерде отбасының еңбекке жарамды кісілері болса, бірақ жұмыс істемейтін немесе оқымайтың, әскер қатарында қызмет атқармайтын және жұмыспен қамтумен айналысатындар немесе 3 жасқа дейінгі бір немесе бірнеше бала тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ торт және одан да көп балалары бар, бірінші сынып оқитындардан (9 жасқа дейінгілер) соңғысына дейін, онда отбастарының тұрғын үйлік көмек алуға құқығы жоқ.
Тармақ 1.6
1.6. Дау, талас немесе стандартқа сай емес жағдайларда тұрғын үйлік көмек белгілеу туралы сұрақ әрекеттегі заңдарға сәйкес шешіледі.
Тармақ 1.7
1.7. Тұрғын үйлік көмекті алушылар 10 күн ішінде өз меншігіндегі тұрғын үйдегі кез келген өзгерістер бойынша мәлімдемелерді, оның жалпы кірісі және дұрыс саналмаған көмек жайлы мәліметтерді Уәкіл органына беріп тұрулары керек. Уәкіл органдарына жалған мәліметтер бергені үшін оның арқасында жоғары немесе заңсыз төлемақылар төленсе, меншік иесі жалға алушы жолыққан кезден бастап бір жыл ішінде тұрғын үйлік көмек алу құқығынан айырылады, ал алынған тұрғын үйлік көмек толық мөлшерде белгіленген заң тәртібімен қайтарылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үйлік көмек алғысы келген тұлғаның (отбасының) барлық кірістерін есептеген кезде саналатын кіріс түрлері.
2. Тұрғын үйлік көмек алғысы келген тұлғаның (отбасының) барлық кірістерін есептеген кезде саналатын кіріс түрлері.
Тармақ 2.1
2.1. Тұлғаның (отбасының) барлық кірістері (әрі қарай - барлық кіріс) тұрғын үйлік көмектің мөлшерін белгілеу үшін Уәкіл органымен тағайындалады.
Тармақ 2.2
2.2. Барлық кірістерді белгіленген кезде кіріс тердің келесі түрлері ескеріледі, Қазақстан Республикасында және оның сыртында алынған, алу көздеріне қарамастан ақшалай немесе заттай үлгісімен белгіленген уақыт кезенінде, қосып:
Тармақша 1
1) еңбек ақы ретінде алатын кіріс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметтерден тапқан кіріс;
Тармақша 3
3) мүлік салығы;
Тармақша 4
4) асырауындағыларға және балаларға алынған алименттер;
Тармақша 5
5) денсаулыққа зақым келтірілгенге, немесе зиян келтірілген болған күйде тәртіп бойынша алынған біржолғы сомалар;
Тармақша 6
6) ақшалай немесе заттай ұтқан ұтыстар;
Тармақша 7
7) Жеке қосалқы шаруашылықтан кіріс (соның ішінде үй жануарлары, саяжай учаскесінен тапқан кірістен басқалары);
Тармақша 8
8) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, стипендиялар, төмен көрсетілгендерден басқа әлеуметтік сүйеніштердің түрлері: -тұрғын үйлік көмек; -атаулы әлеуметтік көмек; -төмен қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы; -жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы; -бала туған үшін берілетін біржолғы жәрдемақы, ақшалай және заттай түрде қайырымдылық көмек (құндық бағамен); -республикалық және жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаттар есебінен көрсетілетін біржолғы төлемдер және материалдық жәрдемақылар, есеп беру кезенде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгей мөлшерінен төмен жалпы сомасында; -азаматтардың протезделуіне бару жолын тегін немесе женілдік бойынша төлеу; -протездеу уақытында азаматтарды күту; -азаматтардың тегін немесе женілдікпен елді мекеннің сыртына емделуге барғаны үшін ақы; -Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілген көмектердің заттай түрлері; -дәрі-дәрмектер; -санаторлық-курорттық ем қабылдау; -протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу); -ем қабылдау жерге дейін женілдіктерді пайдаланып жету; -жылжу қаражаттары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген басқа оналту қаражаттар; -білім алу кезенде оқушылардың тегін тамақтануы.
Тармақ 2.3
2.3. Кіріс түрлеріне жатады:
Тармақша 1
1) Табыстардың барлық түрлері және сыйлықтар, қосымша төлемдер, үстемақы;
Тармақша 2
2) келісім бойынша әскери қызмет өтейтіндерге қосымша ақы және есепке алынған қосымшалармен ақшалай жабдықтау, ішкі істер бөлімінің басқару құрамындағы және қатардағы қызметкер тұлғалар, осымен қатар оларға теңелген санаттағы азаматтар.
Тармақ 2.4
2.4. кәсіпкерлік істен түскен кірістерге жатады:
Тармақша 1
1) Өнімдерді өткізгеннен түскен кіріс (жұмыстар, қызметтер);
Тармақша 2
2) Өткізім операциялардың сыртындағы кірістер, соның ішінде: үлес пайда; өтеусіз алынған қаражаттар;
Тармақша 3
3) мүлікті және жылжымайтың мүлікті жалға бергеннен түскен кіріс;
Тармақша 4
4) Фермерлердің қосылған кірістеріне, салық органдарына ұсынатын алынған кірістер туралы жарияда көрсетілетін, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізгеннен түсетін деректі кірістер жатады. Осы бойынша жылдық кіріс алдағы 12 айға бөлінеді және оның сәйкестік бөлімі белгіленген кезенде жалпы қосылған кіріс қосылады.
Тармақша 5
5) Қосылған кірістерді есептегенде шарттық жер үлесін және мүлік жарнасын пайдаланғаннан және қанағаннан тапқан кіріс те есептеледі.
Тармақ 2.5
2.5. Мүліктік кіріске құқылы мүшелердің, құқылы мүшенің тұрақты мекен жайы болып саналмайтың жылжымайтын мүлік инфляциясының құнының өсуі жатады.
Тармақ 2.6
2.6. Қосылған кірістің құрамына қосылады:
Тармақша 1
1) зейнетақылардың барлық түрлері, әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар, белгіленген заңдармен және басқа нормтивтік құқықтық актілер тәртібі бойынша, жергілікті басқару органдарының және жұмыс берушілердің шешімдерімен тағайындалатын арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 2
2) жоғарғы оқу орындарында, арнайы орта оқу орындарында және кәсіптік училищелерде (мектептерде) оқитын, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарында оқитын студенттерге төленетін стипендиялар, олардың төлем көздеріне байланыссыздаң.
Тармақша 3
3) жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы (соның ішінде баланы күту);
Тармақша 4
4) аяғы ауыр және босану бойынша жәрдемақы;
Тармақша 5
5) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті бюджет қаражаттар есебінен және жұмыс берушілердің есебінен берілетін біржолғы төлемдер және материалдық жәрдемақылар; Көрсетілген көмек есеп беру кезенде ең төмен күн көріс деңгей мөлшерінен асып кеткен кездерінде, қосылған кірісте көрсетілген көмек сомасы және ең төмен күн көріс деңгейі арасындағы айырмшылық есептеледі.
Тармақ 2.7
2.7. Қосылған кіріс құрамына асырауындағыларға және балаларға алынған алименттер кіреді;
Тармақша 1
1) алынған алименттер отбасының қосылған кірісіне тағайындалған уақытына есептеледі. Алимент төлеушінің табысын қайта есептеуден байланысты алынған алименттін қосымша сомалары, төленбеген қарыз болып есептелмейді және қосылған кірісте оларды тағайындау уақыты бойынша есептеледі;
Тармақша 2
2) егер анасына (әкесіне) сот шешімі бойынша алимент төлеттіруіне бас тартылған болса және ерлізайыптардың арасындағы некелері бұзылған оқиғаларда, бірақ анасы (әкесі) оларды әлі алмаса, сот шешімінің көшірмесін және жәрдемақыға үміткер тұлғаның алиментті алмағаны туралы жазбаша өтінішін ұсынуымен қосылған кіріс алименттердің есебісіз есептеледі;
Тармақша 3
3) ерлізайыпылардың некелері бұзылмаған оқиғаларда, бірақ жәрдемақы тағайындау үшін үндеу тастаған кезенде әкесіне (анасына) алимент төлеттіру жөнінде сот шешімі шыққан болса, қосылған кірісті айқындаған кезінде әкесінің (анасының) алдынғы кезендегі кірістері есептеледі.
Тармақ 2.8
2.8. Қосылған кіріс құрамына біржолғы төлемдер және басқа шығындар қосылады, жұмыс беруші заңдармен белгіленген көлемінде іске асырады, өндірістік жарақат алғаннан жұмысқа жарамсыздығын жоғалтуына байланысты, еңбек міндеттерін атқарған кезде денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
Тармақ 2.9
2.9. отбасының қосылған кіріс құрамына жеке қосалқы шаруашылықтан кіріс (соның ішінде үй жануарларынан). Тоқсандық қосылған кірісте есептелетін кіріс мөлшері, қалалық немесе ауылдық мекенде тұратын отбасы үшін есеп айыру көрсеткіші 5 еселі мөлшерінде қабылданады.
Тарау 3. 3. Қосылған кірісті есептеу.
3. Қосылған кірісті есептеу.
Тармақ 3.1
3.1. Отбасының қосылған кірісі отбасы құрамына кіретін тұлғалардың барлық кірістерін қосу жолымен айқындалады, жәрдемақы тағайындау үшін үндеу тастаған тоқсаннан алдағы тоқсанға (айдын бірінші күнінен бастап келесі айдың бірінші күніне дейін).
Тармақ 3.2
3.2. Отбасының қосылған кірісін есептегенде, есеп айыру кезеніде өзгерістер болса отбасыға қосылған мүшенің кірістері оның келген (кеткен) уақытының бірінші айынан бастап саналады (саналмайды). Отбасының бір мүшесі сотталғанына байланысты немесе оны ем қабылдауға мәжбүр етсе отбасының қосылған кірісін есептегенде келгеннің (кеткеннің) оның кірісін кеткен сәтінен (кеткен сәтінен) бастап есептеледі. Бірақ отбасы осы отбасы мүшесінен алатын алименттер немесе басқа сомалар, отбасының қосылған кірісіне қосылады. Егер бүл тұлғалар айтылған себептермен отбасында толық уақыт мерзімінде болмаса, онда олардың кірістері отбасының қосылған кірісін есептеген уақытында саналмайды.
Тармақ 3.3
3.3. Егер отбасының бір мүшесі кіріс саналған уақыттында тоқсаннан аз уақыт жұмыс істеген болса, оның жалақысы осы тоқсандағы барлық жұмыс айларына есептеледі, ал орта айлық кіріс жалпы табыстарды және басқа кіріс түрлерін тоқсандағы жұмыс айдың санына болуымен айқындалады.
Тарау 4. 4. Отбасының қосылған кірісін есептегенде есепке алынатын ерекшіліктер.
4. Отбасының қосылған кірісін есептегенде есепке алынатын ерекшіліктер.
Тармақ 4.1
4.1. Шекараның сыртында жұмыс істейтін және отбасы құрамында есептелетін тұлғалардың табысы қосылған кірісте жалақысы халықтық және шетелдік валютасында есептеледі. Бірақ шетелдік валютада алынатын кірістер Халық банкі белгілеген курсымен халық валютасы бойынша отбасының қосылған кірісін айқындау кезіне қайта есептеледі.
Тармақ 4.2
4.2. Авторлық қаламақылар (шартың болмаған кездерінде) және жаңалық ашу, өнер ашу және рационализаторлық ұсыныстарға сыйақылар отбасы мүшесінің қосылған кірісіне алынған айда қосылады.
Тармақ 4.3
4.3. Жұмыс берушінің күшін жойған несие сомалары қосылған кірісіне кіреді және несие ұсыну мерзіміне бөлінеді, несие беру оны өтеу мерзімінен бастап (жартылай өтегенде төлеген сомасына және несие ұсыну мерзіміне үйлесімділік).
Тарау 5. 5. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу және төлеу.
5. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу және төлеу.
Тармақ 5.1
5.1. Тұрғын үйлік көмектер тоқсан сайын белгіленеді, есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бүл кезде өткен тоқсандағы отбасының кірістері мен коммуналдық қызмет шығындары от жағу шығындарын есептемегенде есепке алынып, ал от жағу шығыстары нақты төлем бойынша келесі есеп аудару есебімен жоспарлы ақша аударумен алынады. Тұрғын үйлік көмек мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну қызметтерінің нақты есептелген төлемінің сомасын өсіре алмайды. Тұрғын үйлік көмек мөлшері абоненттік төлем тарифін көтеру бөлігінде телефон үшін абоненттік төлем айырмашылығын өсіре алмайды. Тұрғын үйлік көмек құжат тапсырған бірінші айдан бастап тағайындалады, көмек алу бойынша Уәкіл орган есебінде бұрыннан тұрған ағымдағы тоқсан үшін, егер ағымдағы тоқсан ішінде рәсімделіп үлгерсе.
Тармақ 5.2
5.2. Тұрғын үйлік көмек тұрғын үйдін меншік иесінің жалға алушының өтініші және оған тіркелген құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі;
Тармақша 2
2) СТН;
Тармақша 3
3) отбасының құрамы мен тұрғылықты мекен жайын куәландыратын анықтама;
Тармақша 4
4) пәтердің құқықтығы куәландыратын құжаттар (техникалық паспорты, жекешілендіру, айырбас, сатып алу, сыйға алу, жалдау ж.б келісім шарттары);
Тармақша 5
5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (жалақы төлемі, стипендия, алимент, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы көлемдері туралы);
Тармақша 6
6) жер учаскесі және жеке қосалқы шаруашылық туралы мәлімет;
Тармақша 7
7) Атбасар ауданы бойынша әділет Басқармасының тіркелген меншік туралы анықтамасы (арызды бірінші рет бергендер үшін),
Тармақша 8
8) коммуналдық қызмет төлемдерінің түбіртегі, шарт, телекоммуникация қызметтерінің түбіртегі. Меншік иелері, жалдаушылар меншікті пәтерлер иелер коопиративінің (әрі қарай МПЖ) үйлерінде тұратындар өтінішке: № 2 форманы ұсынады («Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындар туралы» мәліметі); № 3 (Отбасының құрамы жэне тұрғын үйдің алып тұрған пайдалы аумағының көлемі туралы» анықтама) ПИК қойылған қолымен және мөрімен расталған және кіретін кірістері туралы құжаттар.
Тармақ 5.3
5.3. Тұрғын үйлік көмектің мөлшері Уәкіл органымен белгіленеді, өтініш берушіден құжаттар алынған күннен бастап 10 күн ішінде қаралып, содан кейін тағайындау немесе бас тарту туралы шешімі шығады. Уәкіл органның бас тарту жөнінде шешімі әрекеттегі заңдарға сәйкес шағымдануы мүмкін.
Тармақ 5.4
5.4. Өтініш беруші ұсұнған ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда Уәкіл органы сұрауға құқылы, ал заңды және қарапайым тұлғалар тұрғын үйлік көмегін алуға талап ететін тұлғаның кірісі туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
Тармақ 5.5
5.5. Тұрғын үйлік көмекті мөлшері меншік иесінің нақты төлемінің айырмашылығы ретінде есептеледі, төлемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну қызметі үшін және отбасының осы мақсатқа шығындары болуы мүмкін деңгейінің шегінде. Қаланың телекоммуникация жүйелерінің абоненттеріне телефон үшін абонент төлемінің тарифін көтеру төлем ақысы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну қызметтерінің шығын сомасына телефон үшін абоненттік төлем көтеру айырмашылығын енгізу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 5.6
5.6. Тұрғын үйлік көмек ақшалай төлем түрінде белгіленеді, екінші деңгейдегі банктер арқылы тағайындалған сомалар алушылардың жеке шоттарына аударылады. Тұрғын үйлік көмектің төлемі айсайын, айдың 25-не дейін жасалады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру көздері.
6. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру көздері.
Тармақ 6.1
6.1. Тұрғын үй төлемақы көмектерін төлеу аудандық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі, телефон үшін төлемақы бөлігінде телефон үшін қаржы Республикалық бюджеттен қаржылындырылады.
Тармақ 6.2
6.2. Тұрғын үйлерді ұстауға нормативті есептік шығыстарды белгілеу және коммуналдық қызметтерді беру, бюджеттік қаражаттардың дұрыс жұмсалуы өкілетті қаржы органның бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 6.3
6.3. Дұрыс рәсімделген құжат үшін, заңсыз төленген тұрғын үйлік көмекке лауазымдық тұлғалар кінәлі және солардың кінәсінен болғандықтан, олар белгіленген заң тәртібімен жауапкершілікте болады.