Положение о порядке передачи задолженностей Күшін жойған
Басқа 0
Берешектердi тапсыру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже берешектердi тапсыру тәртiбiн олардың әрi қарай Сауда-саттықта сатылуы немесе акционерлiк капиталға Айналдырылуы үшiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Берешектердi яки Сауда-саттықтағы тiзiмдеме бойынша Берешектердi сату немесе оларды акцияларға, облигацияларға, вексельдер және де басқа құнды қағаздарға Айналдыру үшiн Сатушы келесi құжаттарды бере отыра, белгiленген түрде (1-қосымша) Өкiлеттi органға өтiнiм тапсырады:
- Сатушы мен Борышқор арасында акционерлiк капиталға Айналдырылған жағдайдағы келiсiм (2-қосымша);
- Берешек сомасының анықтама-есебi, Борышқор мен Сатушы арасындағы Берешек мөлшерiн салғастыру актiсiнiң қосымшасымен бiрге;
- орындалмауы нәтижесiнде Берешек түзiлген келiсiм-шарттың (несиелiк, сатып алу-сату және т.б.) түпнұсқасы;
- осы келiсiм-шарттарға қатысы бар кепiлдемелiк, кепiлдiк және басқа құжаттар;
- соңғы есептемелiк мерзiм iшiндегi қосымшасымен қоса бухгалтерлiк баланс.
Тармақ 3
3. Өкiлеттi орган өтiнiмдi тiркейдi және берiлген құжаттарға сай Сатушымен сауда-саттық арқылы Берешектi немесе тiзiмдеме бойынша Берешектердi (3-қосымша) өткiзу немесе оларды акционерлiк капиталға Айналдыру жөнiнде келiсiм-шарт жасасады.
Сатушы Өкiлеттi органға Берешектi немесе тiзiмдеме бойынша Берешектердi өткiзуге құқылығы жөнiнде сенiмхат тапсырады (4-қосымша).
Тармақ 4
4. Өкiлеттi орган Берешектi немесе тiзiмдемесiн қабылдау тапсыру актiсi бойынша сауда-саттық Ұйымдастырушысына бередi. Қажеттi жағдайда шешiм хаттамасы Берешектiң немесе тiзiмдеме бойынша Берешектердiң бастапқы және ең төменгi бағасы жөнiндегi комиссияға берiледi.
Тармақ 5
5. Сатушы мен Сатып алушының яки аукцион Жеңiскерiнiң арасындағы Сауда-саттық нәтижесi бойынша сатып алу-сату келiсiм-шарты (5-қосымша) жасалынады, оны сауда-саттық Ұйымдастырушысы төлеу сәтiнен бастап үш күн iшiнде тiркейдi.
Тармақ 6
6. Өкiлеттi органның берешектердi мiндеттi түрде сату жөнiндегi шешiмi қабылданған жағдайда, ол Сатушымен бiрге Берешектi немесе тiзiмдеме бойынша Берешектердi Сауда-саттыққа қойылуы жөнiнде Борышқорға хабарлама (6-қосымша) жiбередi.
Басқа 7
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 1-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
БЕРЕШЕКТI ӨТКIЗУГЕ АРНАЛҒАН ӨТIНIМ
Тармақ 1
1. Сатушы (Өтiнiмшi)_________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Атауы, заңды мекен-жайы, реквизиттерi)
Тармақ 2
2. Борышқор __________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Атауы, заңды мекен-жайы, реквизиттерi)
Тармақ 3
3. Берешек (тiзiмдеме бойынша Берешектер).
Жалпы сома_______________________________________________теңге
оның iшiнде, проценттер_______________________________________
айыппұл өсiмi_________________________________________________
Тармақ 4
4. Қосымшалар:
- Сатушы және борышқор арасындағы келiсiм;
- Берешек сомасының анықтама-есебi, Борышқор мен Сатушы
арасындағы Берешек мөлшерiн салғастыру актiсiнiң қосымшасымен қоса;
- орындалмауы нәтижесiнде Берешек түзiлген келiсiм-шарттың
(несиелiк, сатып алу-сату және т.б.) түпнұсқасы;
- осы келiсiмдерге қатысы бар кепiлдемелiк, кепiлдiк және
басқа құжаттар;
- соңғы есептемелiк мерзiм iшiндегi қосымшасымен бiрге
бухгалтерлiк баланс. Сауда-саттық арқылы Берешектi немесе тiзiмдеме
бойынша Берешектердi өткiзуге (немесе акционерлiк капиталға
Тармақша айналдыруға
Айналдыруға) қоюды өтiнем.
Басшының қолы __________________
М.О.
Басқа 13
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 2-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
К Е Л I С I М
_____________қ. "___" ____________1996 жыл
__________________________мына тұлғада ____________________________ __________, бұдан әрi қарай сатушы деп аталатын, және _____________ _______, мына тұлға _______________________________________________ бұдан әрi қарай Борышқор деп аталатын, осы келiсiмдi жасастық.
Тармақ 1
1. Борышқор қалыптасқан берешектi Агенттiк - борыштарды өткiзу жөнiндегi Өкiлеттi орган арқылы акционерлiк капиталға Айналдыруды жүргiзуге келiсiм бередi.
Тармақ 2
2. Берешектi акционерлiк капиталға Айналдыруға қойылған сома проценттер мен айыппұл өсiмi ескерiле отырып, Сатушы және Борышқормен анықталады және бекiмделедi, Берешек сомасының анықтама-есебi Борышқор мен Сатушы арасындағы Берешек мөлшерiн салғастыру актiсiнiң қосымшасымен бiрге тiгiледi.
Тармақ 3
3. Берешектiң акционерлiк капиталға Айналдыру кескiнiн Агенттiк анықтайды.
Тармақ 4
4. Осы келiсiм екi жақтың келiсiмiнсiз өзгертiлуге жатпайды.
Тармақ 5
5. Осы келiсiм екi данада, бiреуi Сатушы, екiншiсi Борышқор үшiн жасалынды.
Сатушы атынан Борышқор атынан
_______________ ________________
_______________ ________________
Басқа 19
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 3-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
КЕЛIСIМ-ШАРТ
_______________қ. "____"__________1996
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
Мемлекеттiк комитеттiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
Агенттiгi мына тұлғада ____________________________________________
______________________________________, бұдан әрi қарай Агенттiк деп
аталып, және __________________________мына тұлғада _______________
___________, бұдан әрi қарай Сатушы деп аталып, осы келiсiм-шартты
жасасты.
Тармақ 1
1. Сатушы Агенттiк-борыштарды өткiзу жөнiндегi Өкiлеттi орган
арқылы Берешектi немесе тiзiмдеме бойынша Берешектi өткiзуге қояды.
Тармақ 2
2. Проценттерi мен есепке алынған айыппұл өсiмi ескерiлiп,
өткiзуге қойылған Берешектiң немесе тiзiмдеме бойынша Берешектiң
сомасы Сатушы және Борышқормен анықталынады және бекiмделедi,
Берешек сомасының анықтама-есебi Борышқор мен Сатушы арасындағы
Берешек мөлшерiн салғастыру актiсiмен қоса тiгiледi.
Тармақ 3
3. Берешектi сату құны Агенттiк ұйымдастырған сауда-саттықта
анықталады.
Тармақ 4
4. Берешек Сауда-саттыққа "___"____________199 ж. "__"_______
199 ж. дейiн қойылады.
Тармақ 5
5. Осы келiсiм-шарт екi жақтың келiсiмiнсiз өзгерiске жатпайды.
Тармақ 6
6. Осы келiсiм-шарт екi данада, бiреуi Агенттiк, екiншiсi
Сатушы үшiн жасалынды.
Агенттiк атынан Сатушы атынан
_______________ ______________
_______________ ______________
Басқа 26
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 4-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
С Е Н I М Х А Т
_______________қ. "___"_____________1996 ж.
Осы сенiмхатпен ______________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
Мемлекеттiк комитет жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
Агенттiгiне берешектi (тiзiмдеме бойынша берешектердi) иемденуге
сенiм бiлдiредi ___________________________________________________
___________________________________________________________________
(шаруашылық субъектiсi-борышқордың атауы)
мына сомада________________________________________________________
_______________келiсiм-шартқа (несиелiк, сатып алу-сатушылық және
т.б.) сәйкес N "__"___________________199 ж.
Осы сенiмхат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитет жанындағы кәсiпорындарды қайта
ұйымдастыру Агенттiгi берешектер сауда-саттығының барлық мерзiмiнде
күшiнде болады.
Бас директор ________________
Бас бухгалтер ________________
Басқа 27
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 5-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
БЕРЕШЕКТI САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛIСIМ-ШАРТЫ
_____________қ. "___"___________1996 ж
________________мына тұлғада ____________ ________, бұдан әрi қарай
Сатушы деп аталатын, және _________________ ________________, мына
тұлғада __________________________________________бұдан әрi қарай
Сатып алушы деп аталатын, осы келiсiм-шартты жасасты.
Тармақ 1
1. Сатушы жалпы құны _________________________________________
Берешектi немесе тiзiмдеме бойынша Берешектi сатады, ал Сатып алушы
мына бағамен ________________________ бойынша Берешектi немесе
тiзiмдеме бойынша Берешектi алады.
Тармақ 2
2. Екi жақ осы мәмiленi Сауда-саттықты жүргiзу ережелерiне
сәйкес орындауға мiндеттеме алады. Мәмiленi орындамау немесе оны
орындауды созбалау үшiн жауапкершiлiк iс-қимылдағы заңмен анықталады.
________________ _________________
М.О. Қолы М.О. Қолы
Тiркелiндi (Сауда-саттықты ұйымдастырушы)
Жауапкер тұлға ____________________
Басқа 30
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi Мемлекеттiк
комитеттiң қаулысымен
бекiтiлген берешектердi
тапсыру тәртiбi туралы
Ереженiң 6-Қосымшасы
16 қаңтар 1997 жыл, N 22
Х А Б А Р Л А М А
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________қ. "__"____________1996 жыл
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
Мемлекеттiк комитетi жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
Агенттiгi және _____________________________________________________
Сiздiң берешектi "___"____________199 жылдағы N__ келiсiм-шартқа
сәйкес жалпы сомасы ________________________________________________
теңге берешектер сауда-саттығына қойғаны туралы хабарлайды.
Жауапты тұлға (Өкiлеттi орган) ___________________
Сатушы ___________________
М.О.