Об утверждении Правил приема детей в дошкольные организации образования города Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 26- бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы "Мектепке дейінгі білім ұйымдары қызметінің Үлгі ережесін бекіту туралы" № 1353 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.О. Есенғүловаға жүктелін.
Басқа 4. Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау ЕРЕЖЕСІ
Ақсу қаласының әкімдігінің
2007 жылғы 19.12. "Ақсу қаласының
мектепке дейінгі білім ұйымдарына
балаларды қабылдау ережесін бекіту
туралы" қаулысымен № 1042/9 бекітілді
Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі (бұдан әрі - мектепке дейінгі ұйымдар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шіпдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы "Мектепке дейінгі білім ұйымдары қызметінің Үлгі ережесін бекіту туралы" № 1353 қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі "Мектепке дейінгі жалпы білім беру ұиымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 708 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2. Мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабьшдау үшін өтініштерді есепке алу, ресімдеу, қаблдау тәртібі
2. Мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабьшдау үшін өтініштерді есепке алу, ресімдеу, қаблдау тәртібі
2. Мектепке дейінгі білім ұйымдарына мемлекеттік басқару органы -"Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы негізінде, осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір жастан бес жасқа дейінгі балалар қабылданады.
3. Азаматтар мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды қабылдау туралы өтініштерімен "Ақсу қаласьшың білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - білім бөлімі) өтІніш жасайды.
4. Азаматтардың өтініштерін есепке алу, сондай-ақ өтініштерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгіленген мерзімде қарауын бақьшауды қаланың білім бөлімі жүзеге асырады.
5. Азаматтардың балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына қабылдау туралы өтініштері білім бөлімінің жанында құрылған комиссиямен қаралады.
6. Комиссияға комиссия төрағасы - білім бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары - білім бөлімі бастығының орынбасары, комиссия хатшысы - білім бөлімінің мектепке дейінгі және бастауыш оқыту жөніндегі жетекші маманы, сондай-ақ комиссия мүшелері - мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары кіреді.
7. Комиссия отырыстары бір айда екі рет өткізіледі.
8. Қарапған өтініштердің қорытындысы бойынша комиссия баланы мектепке дейінгі білім ұйымына қабьшдау үшін жіберу, немесе комиссия отырысының хаттамасымен ресімделетін мектепке дейінгі ұйымдарында бос орындар жоқ болған жағдайда есепке қою туралы шешім қабылдайды.
9. Комиссия шешімінің (хаттаманың) негізінде өтініш берушіге баланы мектепке дейінгі ұйымның құрамына енгізу үшін жолдама, немесе есепке қою туралы жазбаша ескерту беріледі.
10. Балаларды есепке алу аумақтық қағидаты бойынша жүзеге асырылады және әрбір мектепке дейінгі білім ұйьімы бойынша бөлек тізіммен жүргізіледі, сонымен қатар тізімдегі кезекшілік өтініш берушінің білім бөліміне өтініш жасаған кезінен бастап анықталады. Тізімдерді жүргізу үшін жауапты комиссия хатшысы болып табылады.
11. Кезекшілікті анықтап, баланы мектепке дейінгі білім үйымына еншгенде, сондай-ақ есепке қойған кезде ешкімнің артықшылық құқығы жоқ.
12. Баланы мектепке дейінгі ұйымға енгізу туралы жолдаманы алған кезден бастап өтініш беруші осы ұйымның басшысына оны әрі қарай ресімдеу үшін өтініш жасайды.
13. Баланы мектепке дейінгі білім ұйымына енгізген кезде өтініш беруші келесі кұжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) баланы балабақшаға қабылдау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) баланың даму тарихынан көшірме;
Тармақша 3
3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің эпидемиологиялық қоршауы туралы анықтамалар;
Тармақша 4
4) баланың туу туралы куәлігі.
14. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға үнемі және уақытша тұруға қабылдау бос орындар болған кезде жыл бойы жүргізіледі (мектепке дейінгі білім ұйымдарының топтарында 25 баладан аспайтын толымдылығы белгіленеді).
15. Баланың атына мектепке дейінгі ұйымында орын келесі жағдайларда сақгалады:
Тармақша 1
1) бала ауырған кезде;
Тармақша 2
2) баланы медициналық, шипажай-курорт және басқа да ұйымдарында емдеу жэне сауықтыру;
Тармақша 3
3) ата-ананың біреуіне еңбек демалысын ұсыну;
Тармақша 4
4) баланы жазғы кезеңде екі айға дейін мерзімінде сауықтыру.
Тарау 3. 3. Балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына енгізу
3. Балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына енгізу
16. Баланы енгізу Ақсу қаласы білім бөлімінің жолдамасы негізінде мектепке дейінгі ұйымның директорымен жүргізіледі.
17. Мектепке дейінгі ұйымның директоры баланы мектепке дейінгі білім ұйымына қабылдау және енгізу туралы бұйрық шығарады.
18. Мектепке дейінгі білім ұйымның директоры баланы қабылдаған кезде ата-аналарды немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды мектепке дейінгі ұйымнын Жарғысымен, тәрбие-білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен және оқу-тәрбие үрдісінің қабылдау және үйымдастыру тәртібін реттейтін басқа да қүжаттармен таныстырады.
Тарау 4. 4. Балаларды мектепке дейінгі үйымнан шығару
4. Балаларды мектепке дейінгі үйымнан шығару
19. Балаларды шығару мемлекеттік басқару органы - "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісу бойынша мектепке дейінгі ұйымының директоры келесі жағдайларда жасайды:
Тармақша 1
1) баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін уақытында ай сайынғы төлемі болмағанда (10 күннен аса);
Тармақша 2
2) бала мектепке дейінгі ұйымды себепсіз және әкімшілікті ескертусіз бір айдан аса босатқанда;
Тармақша 3
3) баланың денсаулық жағдайы туралы оның мектепке дейінгі ұйымда тұруға кедергілік жасайтын медициналық қорытындысы болғанда.
Басқа 20. № ЖОЛДАМА
Ақсу қаласы экІмдігінің
2007 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 1042/9 қаулысымен бекітілген
Ақсу қаласының мектепке
дейінгі білім ұйымдарына
балаларды қабылдау
ережелеріне қосымша
№ ЖОЛДАМА
Ақсу қаласының мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды
қабылдау жөніндегі комиссия шешімінің негізінде мектепке дейінгі
білім ұйымына баланы қабылдау үшін
№_______
ХАТТАМА
Тегі, аты, әкесінің аты________________________________________
Баланың туған күні, айы, жылы________________________________
Мекенжайы;___________________________________________________
Баланың ата-анасы:_____________________________________________
Шешесінің : тегі, аты, әкесінің аты__________________________________
Әкесінің : тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________
Білім бөлімінің бастығы ТАӘ
МО