Инструкция о порядке возмещения организациям расходов, связанных с предоставлением жилищных пособий малообеспеченным гражданам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беруге байланысты ұйымдардың шығындарының орнын толтыру тәртiбi туралы Нұсқаулық 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 453 бұйрығымен.
Тармақ 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң күшi жойылған кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күші жойылды деп танылсын... Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң күшi жойылған кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беруге байланысты ұйымдардың шығындарының орнын толтыру тәртiбi туралы Нұсқаулық" 1997 жылғы 24 ақпандағы N 47, 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 282 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген бұйрығы... -----------------------------
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437 "Тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" қаулысымен бекiтiлген, ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке төлеуге жәрдемақы беру тәртiбi туралы Уақытша ережеге сәйкес тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiнiң ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беруге байланысты шығындардың меншiк үлгiсiне тәуелсiз ұйымдарға қайтару тәртiптерiн белгiлейдi.
Тарау 2. II. Қаржыландыру құжаттарын толтыру тәртiбi
II. Қаржыландыру құжаттарын толтыру тәртiбi
Тармақ 2
2. Қалалық, аудандық тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiмен Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң 1996 жылғы 12 мамырдағы N ФГ-20-1-5-813 хатына сәйкес белгiленген үлгi бойынша тұрғын үй жәрдемақысын беруге Келiсiмдi бiр мезгiлде жасай отырып, Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қызмет көрсету түрлерi бойынша тұрғын үй жәрдемақыларының көлемiн бөлу жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Келiсiмнiң және 1 қосымшаның негiзiнде қалалық, аудандық тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi пәтер меншiгi иелерiнiң кооперативтерi (ПМК) немесе балансында тұрғын үй қоры бар басқа да қоғамдық құрылымдар, ұйымдар бойынша топтастырылған, ағымдағы айдың 30-ыншы күнгi жағдай бойынша тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған азаматтардың тiзiмiн (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы) бiрнеше дана етiп жасайды. Тiзiмнiң бiр данасы тұрғын үй қызметтерiнiң орталықтарында қалады, қалғаны келесi айдың 10-ы күнiне дейiн тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетумен айналысатын кәсiпорындар мен ұйымдарға, пәтер меншiктерiнiң кооперативтерiне, кондоминимумдарға (тұрғын үйлердiң бiрлескен иелерiне) немесе тұрғын үйдi ұстау шығындарына ақы төлеу үшiн есеп беттерiн ашатын басқа да қоғамдық құрылымдарға, халық санын сұрыптаумен айналысатын есептеу орталықтарына берiледi.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақыларының қызметтерi ай сайын азаматтардың тiзiмiне жәрдемақы тағайындалғандары, қаза болғандарды есептей отырып тиiстi өзгертулер немесе тұрғын үй жәрдемақыларын алуға құқылы, пайда болған азаматтар, енгiзiледi.
Тармақ 5
5. Ағымдағы айдың 25-i күнiнен кейiн тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу туралы өтiнiш берген азаматтар, келесi айдан бастап, жәрдемақы алу тiзiмiне жоғарыда аталған тiзiмге енгiзiледi.
Тармақ 6
6. Қалалық, аудандық тұрғын үй қызметтерi тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалған азаматтардың тiзiмiн, өздерiнiң филиалдарынан, келесi айдың 5-i күнiнен кешiктiрмей алады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалған азаматтардың тiзiмi негiзiнде қалалық, аудандық тұрғын үй қызметтерi ауқаты нашар отбасыларына тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты, жеткiзушiлерге көрсетiлген шығындардың орнын толтыруға жататын бiрiккен ведомосты Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес үлгi бойынша жасайды және келесi айдың 10-ы күнiне дейiнгi мерзiмде тұрғын үй жәрдемақы қызметтерiнiң жергiлiктi жерлерiндегi қаржы органдарына тапсырады.
Тарау 3. III. Ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты ұйымдардың шығындарының орнын толтыру тәртiбi
III. Ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты ұйымдардың шығындарының орнын толтыру тәртiбi
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақылары қызметтерiнiң бюджеттен қайтарылуға жататын тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты шығындардың ұсынған бiрiккен ведомостары негiзiнде аудандық, қалалық қаржы органдары келесi айдың 20-сы күнiне дейiн ауқаты нашар азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметiн көрсетуге байланысты шығындардың орнын толтыру туралы өзара келiсiм жасайтын қаржы органдарымен меншiк үлiгiсiне тәуелсiз жеткiзушiлер қызметiне есеп айырысу шоттарына қаржыларды тапсырыстық төлемдермен аударады.
Тармақ 9
9. Қаржы органдары тұрғын үй жәрдемақыларына тиесiлi сомалардан аванстық аударымдар жүргiзе алады.
Тармақ 10
10. Есептi жылдың соңында қаржы органдары тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн көрсетушi кәсiпорындарымен және ұйымдармен түпкiлiктi есеп айырысуды жүзеге асырады. Тұрғын үй қызметтерiне тиесiлi есептелген артық сомалар жергiлiктi бюджет есебiне қайтаруға жатады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйдi ұстауға ақы төлеу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi пайдалану бойынша шығындардың өтемақысына тұрғын үй жәрдемақыларын ауқаты нашар отбасыларына беруге байланысты жеткiзушiлерге көрсетiлген шығындардың орнын толтыру "Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандырудың 6 мiндеткер тобы, "Әлеуметтiк сақтандырудың" 1 мiндетi, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң" 213 мекемесi "Әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiнiң" 6 iшкi мiндеттерi, "Тұрғын үй жәрдемақыларының" 30 бағдарламасы, 00 iшкi бағдарламасы, 313 өзiндiк ерекшелiктерi (шығыстардың бюджеттiк коды 2133000301) бойынша шығыстардың сметасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Тарифтердi қолданудың, тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу мен берудiң дұрыстығына бақылау жасау жергiлiктi әкiмшiлiкке, қаржы органдарына, тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiне жүктеледi.
Басқа 1. Қызмет көрсету бойынша тұрғын үй жәрдемақы көлемiн бөлу
2-қосымша Қызмет көрсету бойынша тұрғын үй жәрдемақы көлемiн бөлу ___________________________________________________________________      Тұрғын үй-коммуналдық қызмет        |   Сомасы (теңге, тиын)          көрсету түрi                    | ___________________________________________________________________      жылу                                |      ыстық сумен жабдықтау               |      суық су                             |      канализация                         |      электроэнергиясы                    |      газ                                 |      қоқыстарды шығару                   |      лифт                                |      тұрғын үйдi ұстауға арналған        |      шығындар                            |                                          |      Жиыны:                              |                                          |      Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi       |      ________________                                          |         (Аты-жөнi)                                          |        М.О.                              | ___________________________________________________________________
Басқа 2. Тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған азаматтардың ТIЗIМI
N 2 қосымша Тұрғын үй жәрдемақысы          қызметi Тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған азаматтардың ТIЗIМI 30_________199__ж. бойынша ______________                     айы                     кiмге берiлдi                                                        (теңге тиын) ___________________________________________________________________  N | ПМК-нiң не болмаса    |Тұрғын үй    | Үйдiң    |Айына р/с|балансында тұрғын үй   |иесiнiң тегi,|мекен-жайы|есептелген    |қоры бар басқа да      |аты, әкесiнiң|          |жәрдемақы    |ұйымдардың атауы немесе|аты          |          |    |нөмiрi                 |             |          | ___________________________________________________________________  1 |           2           |      3      |     4    |       5 ___________________________________________________________________ I.   Мысал:      N I ПМК      1.                     А.И.Иванов    Абай қ.100,       500                                           1-пәтер      2.                     ...........      3.                     ...........      4.                     ...........      Жиыны: II.      N 2 ПМК      5.                     П.Н.Петров    Мир қ.12,                                           5 пәтер           300      6.                     ...........      Жиыны:      және т.с.с.      Жетекшi      "____" _________ 199 _____ж.
Басқа 3
N 2 қосымша ___________________________________________________________________ N |      оның iшiнде тұрғын үй-коммуналдық қызмет түрлерi бойынша   |________________________________________________________________   |жылу|жылы  |суық  |кана.  |электр|газ|қоқыс.|лифтке|тұрғын үйдi   |    |сумен |сумен |лизация|энер. |   |тарды |      |ұстауға   |    |жаб.  |жаб.  |       |гиясы |   |шыға. |      |арналған   |    |дықтау|дықтау|       |      |   |руға  |      |шығындар ___________________________________________________________________   |  6 |  7   |   8  |   9   |  10  |11 |  12  |  13  |   14 ___________________________________________________________________ 1. 200    100     25     25     50   50   25               25 5. 100    50      25      25         50   25               25
Басқа 4. Ауақты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты қызмет көрсетушiлердiң шығындарының толтыруға жататын
N 3 қосымша Тұрғын үй жәрдемақысы             қызметi                                       ___________________                                         (кiмге берiлдi) Ауақты нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты қызмет көрсетушiлердiң шығындарының толтыруға жататын ___________________199_ж. үшiн               (айы)                                                     (теңге,тиын) ___________________________________________________________________  N | ПМК-нiң немесе  |Айына есептелген |оның iшiнде қайтаруға р/с|балансында тұрғын|жәрдемақы        |жатады (нақтылы ұйымдар    |қоры бар басқа да|сомаларының      |ұйымдар көрсетiлген)    |ұйымдардың тiзбесi барлығы         |___________________________    |                 |                 |жылумен      |сумен және    |                 |                 |жабдықталатын|жабдықтайтын    |                 |                 |ұйымдарға    |ұйымдарға ___________________________________________________________________  1 |        2        |         3       |       4     |      5 ___________________________________________________________________        Мысал:      1. N 1 ПМК      2. N 2 ПМК      3. N 3 ПМК      4. .......      5. .......         және т.с.с.         Барлығы       Жетекшi       Бас бухгалтер       " " ____________199_ж. __________________________________________________________________  электрмен    |газбен      |қоқыстарды | лифт     |тұрғын үйге жабдықтайтын  |жабдықтайтын|шығарумен  |қызметiнiң|қызмет көрсетумен ұйымдарға     |ұйымдарға   |айналысатын|ұйымдарына|айналысатын               |            |ұйымдарға  |          |ұйымдарға ___________________________________________________________________        6      |      7     |     8     |    9     |      10 ___________________________________________________________________