Квотирование рабочих мест для инвалидов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 692-12 Заңының 31 бабы, 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149-2 Заңының 7 бабы, 5 тармағы, 2 тармақшасына сәйкес жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеуге алынған мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызына сәйкес жұмыс орнын үлестірсін.
Тармақ 2
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жұмыс беруші арасында мүгедектерге бірігіп жұмыс істеу еңбек шарты негізінде және келісім бойынша квота белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.