О мониторинге развития среднего и малого бизнеса в Актюбинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамыту мониторингі туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты). Қазақстан Республикасы Премьер-Министрлігінің 1997 жылғы 26 наурыздағы № 76-ө өкімінің шағын және орта бизнесті дамытудағы есеп жүйесін және мониторингін әзірлеуге, өндірілген өнімдерді, көрсетілген қызметтерді толық есепке алуды қамтамасыз етуге және облыстағы кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын басқа да қызмет түрлерін дамыту барысына арналған мәселелерін жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Облыстық экономика басқармасы /М. Т. Райымқұлов/: статистика /А. Д. Мұқаев/, салық /Н. Ж. Князов/, әділет /С. Ж. Барышев/ басқармаларьмен бірлесе отырып: - облыс, Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша шағын және орта бизнестің дамуын есепке алу жүйесін және мониторингін әзірлесін; - шағын бизнес саласындағы кәсіпорындарында есеп және есептесудің бірыңғай тәртібі тез арада орнатылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика басқармасы статистика басқармасымен бірлесе отырып аумақтардағы кәсіпкерлік қызметінің даму барысын анықтайтын экономикалық көрсеткіштерінің ықшамдалған тізбесін дайындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы /А. Д. Мұқаев/ шағын және орта бизкестің дамуы: жөнінде ақпаратты жинақтап, әр айдың 3-не дейін облыс әкімшілігіне ұсынып отырсын.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері статистикалық органдарға жәрдем көрсетсін және жергілікті жерлерде шағын және орта биэнес кәсіпорындары қызметін есепке алу шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық экономика басқармасы облыс бойынша мәліметтерді жинақтап өңдеуді және Республика Үкіметіне мониторинг көрсеткіштерін уақытында беріп отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунге жүктелсін.