Об утверждении Правил оказания гражданам жилищной помощи на содержание жилища, услуг связи и оплату коммунальных услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 11, 14 тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 ақпандағы № 3С-27/5 «Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» шешімінің (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 28 ақпанда № 1-2-37 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурызда «Престиж» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге, ресми және құқықтық қатынастарда жариялануға жатады және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-3/5 шешімімен бекітілген Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі-азаматтарға тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға, байланыс қызметін және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығындарының орнын толтыру мақсатында берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі қала және кенттерде тұрақты тұратын, егер тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға, байланыс қызметін және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығындары осы мақсатта жұмсалатын жанұя бюджеті шығындарының мүмкіндік шегінен асып кететін тұрғын үйдің заңды иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұлғаларға беріледі. Тұрғын-жайды (жеке үйді ұстаудан басқа) ұстауға және коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығынының мүмкіндік шегінің үлесі жанұяның жиынтық табысының 15 % мөлшерін құрайды. Өтемақы алаң белгіленген нормадан астам болған жағдайда тұрғын үйді ұстауға және көрсетілген коммуналдық қызметтерге төлем жасау жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары бір адамға 18 шаршы метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс. Коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, лифт, қоқыс шығару) пайдалану нормативтері нақты пайдалану мөлшерімен белгіленеді және нормативтік құжаттарда белгіленген шегі көлемінен аспауы тиіс (құрылыстың нормалары мен ережелері (КНжЕ).
Тармақ 4
4. Жеке меншігіндегі бір өлшемнен астам тұрғын үйі бар немесе тұрғын-жайларды жалдауға беретін тұлғалар тұрғын-жай жәрдемін алу құқығынан айырылады. Үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын немесе мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда отбасында еңбекке қабілетті, бірақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелмеген, оқымайтын, әскери қызметте жоқ, жұмыс істемейтін тұлғасы бар жанұялар тұрғын-жай жәрдемін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі-абонент) телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өтемақысы телефон үшін абоненттік өсуінің айырымын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының қосындысына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақысын алу үшін абонент тұрғын үй жәрдемін тағайындау үшін қажетті құжаттарымен бірге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Тұрғын үй жәрдемінің мөлшері абоненттің ақы тарифтерінің көтерілуі бойынша телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы қосындысынан артық болмауы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемін тағайындау
2. Тұрғын үй жәрдемін тағайындау
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй жәрдемақысын өтініш берген айдан бастап сол тоқсанның соңына дейін тағайындайды. Тұрғын үй көмегін беру туралы өтініш отбасының тек бір мүшесінен ғана қабылдануы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемінің көлемін анықтау үшін отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа айлық табысы есептеледі. Тұрғын үй иесінің (жалдаушының) өтініші және оған төменде қоса берілген құжаттардың негізінде тұрғын үй жәрдемі тағайындалады:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 2
2) пәтерге құқық белгілейтін және түру үшін құқығын растайтын басқа да құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбастау, сатып алу, сыйға тарту, жалдау шарттары);
Тармақша 3
3) отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер (еңбекақы, стипендия мөлшері туралы, алименттер туралы, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар);
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама (кент тұрғындары үшін);
Тармақша 5
5) Әділет басқармасынан меншікте бар болуы туралы анықтама (өтінішті алғаш рет тапсырғандары үшін);
Тармақша 6
6) телекоммуникация қызметтері үшін шот-түбіртегі немесе келісімі;
Тармақша 7
7) тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің төлемі туралы түбіртек;
Тармақша 8
8) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 9
9) салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 10
10) банктағы шоттың бар болуын растайтын құжат.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берілген күннен бастап он күннің ішінде құжаттарды қарастырып, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешімін шығарады. Тұрғын үй көмегін алушыда тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша қарыздары болған жағдайда оған тағайындалған тұрғын үй жәрдемі оның жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына аударылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар 10 күннің ішінде отбасы құрамының немесе оның жиынтық табысының өзгеруі туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін хабардар етеді. Тұрғын үй жәрдемінің ұлғаюы немесе заңсыз жәрдемақы тағайындауға әкеліп соғатын жалған мәліметтерді тапсырған жалдаушы (үй иесі) бір жыл ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығын жоғалтады Артық төленген ақша ерікті негізде қайтаруға жатады, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібінде қайтарылады.
Тармақ 9
9. Егер тапсырылған ақпарат күмән тудыратын болса жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті ақпаратты сұрауға құқығы бар.Ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегіне мұқтаж азаматтардың табысы туралы ақпаратты беруге міндетті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемін және телефон үшін абоненттік өтемақысын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемін төлеу тағайындалған соманы алушының дербес шотына ай сайын аудару арқылы немесе коммуналдық қызмет көрсетушілерге ақшасыз жолмен ай сайын төленеді.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін алатын тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу
4. Тұрғын үй көмегін алатын тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу
Тармақ 12
12. Тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісі (бұдан әрі-жиынтық кіріс) тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындайтын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен анықталады.
Тармақ 13
13. Отбасының жиынтық кірісі жәрдемақы алу үшін арызданған тоқсанның алдындағы (айдың 1 күнінен бастап 1 күніне дейін) отбасының құрамында есепке алынған барлық азаматтардың кірісін қоса есептеу жолымен анықталады.
Тармақ 14
14. Отбасының бір тоқсандағы орташа айлық жиынтық кірісі отбасының осы мерзім ішіндегі жиынтық кірісін отбасы мүшелерінің санына және тоқсан ішіндегі айларға болу жолымен есептеледі.
Тармақ 15
15. Егер отбасының бір мүшесі табысы есептелген тоқсаннан кем жұмыс істесе, орташа айлық орташа жан басына шаққандағы кірісті есептеу 14 тармақта көрсетілгендей іске асырылады.
Тармақ 16
16. Отбасының жиынтық кірісін есептеу мерзімінде оның құрамында өзгеріс болса, отбасының келген (кеткен) мүшесінің кірісі оның келген (кеткен) айынан бастап есептеледі. Егер отбасында отбасы мүшесінің біреуі бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеуден келетін болса (жіберілген болса), отбасының жиынтық кірісін есептегенде кеткен (келген) адамның табысы оның кеткен уақытынан бастап (келген уақыттан бастап) есептеледі. Көрсетілген мүшенің жанұясы алатын алименттер мен басқа да төлемдер отбасының жиынтық кірісіне енгізіледі.
Тарау 5. 5. Отбасының жиынтық кірісін анықтау
5. Отбасының жиынтық кірісін анықтау
Тармақ 17
17. Жиынтық кірісті анықтау кезінде Қазақстан Республикасында және онан шет жерлерден, табыс көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде белгіленген уақыт ішінде алынған табыстардың барлық түрлері есептеледі:
Тармақша 1
1) еңбекке ақы төлеу түрінде алынған табыстар, соның ішінде: сыйақы, қосымша төлемдер, үстеме ақылар, контракт бойынша қызмет өткеріп жатқан әскерилердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басқарушы құрамындағы адамдардың, сонымен қатар осы санатқа теңестірілген азаматтардың ақшалай жабдықталымы, үстеме мен қосымша төлемдерді ескергенде.
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметінен түсетін табыстар, соның ішінде: өнімді шығару арқылы түскен табыстар (жұмыстар, қызметтер), үлеспайдалар, өтеусіз алынған ақша қаражаттары, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыстар, жер үлесін пайдалануға беру арқылы түскен және мүліктік пайда. Қожа шаруашылығы басшысының жиынтық кірісіне-салық органдарына тапсырған кіріс туралы декларацияда көрсетілген, ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен нақты түсім енгізіледі.Бүл жағдайда жылдық кіріс 12 айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі анықталып отырған мерзімнің жалпы жиынтық кірісіне енгізіледі.
Тармақша 3
3) мүлік табысы-инфляцияға сәйкес бағасына түзетулер енгізуді есепке ала отырып, жеке тұлғаның тұрақты мекені болып табылмайтын қозғалмайтын мүлікті сату бағасының өсуі;
Тармақша 4
4) зейнетақының барлық түрлері, заңмен не басқа да нормативтік актілермен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жұмыс берушілердің шешімдерімен белгіленген тәртіпте тағайындалатын арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар.
Тармақша 5
5) жоғары оқу органдарының, арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттеріне, аспиранттарға, докторанттарға, кез-келген төлеу көзінен төленетін стипендиялар.
Тармақша 6
6) уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша (онын, ішінде бала күту үшін берілетін жәрдемақы), бала тууына байланысты төленетін жәрдемақы.
Тармақша 7
7) үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) балаларға және қамқорындағы басқалар үшін алынатын алименттер: отбасының жиынтық кірісіне тиесілі және тағайындалған мерзімі бойынша есептелетін алынатын алименттер.Алимент төлеуші азаматтың еңбекақысының қайта есептелуіне байланысты алынған қосымша ақша отбасының кірісінде тағайындалған уақыттан бастап есептеледі; егер шешесіне (әкесіне) соттың шешімі бойынша алиментті төлеттіріп алуға қарсылық білдірілсе, сондай-ақ егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылса, бірақ шешесі (әкесі) оны әлі алмаса, жиынтық кіріс сот шешімінің көшірмесі тапсырылғанша алиментті есепке алмайды; егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылмаған болса, бірақ олар жәрдемақыны тағайындау жөнінде арызданған сәтте әкесінен (шешесінен) алимент төлеттіріп алу туралы соттың шешімі қабылданса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде бұған дейінгі әкесінің (шешмінің) кірісі есепке алынады.
Тармақша 9
9) ақшалай және заттай түріндегі ұтыстар.
Тармақша 10
10) жұмыс берушінің өндірістік жарақаттарға байланысты еңбекке жарамдығын жоғалтуына байланысты, заңмен белгіленген мөлшерде төлейтін біржолғы төлемдері, басқа да шығындар, және отбасының 1 тоқсандағы жиынтық кірісінде есептелетін кірістің мөлшері қалада және кенттерде тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішінің 5 есе мөлшерінде және ауылдық жерде тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішінің 6 есе мөлшерінде алынады.
Тармақ 18
18. Отбасының жиынтық кірісіне жатпайды:
Тармақша 1
1) тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 2
2) жерлеу үшін біржолғы жәрдемақы;
Тармақша 3
3) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 4
4) есеп мерзімінде күнкөріс деңгейінен төмен мөлшерінде ақшалай не заттай көрсетілген қайырымдылық көмек (құн түрінде бағалауда), және есеп мерзімінде көрсетілген қайырымдылық көмек күнкөріс деңгейінен жоғары болса, жиынтық кірісте көрсетілген көмек сомасынан күнкөріс деңгейінің мөлшері алынады;
Тармақша 5
5) жеке істі ашу және (немесе) жеке қосалық шаруашылықты дамыту үшін материалдық көмек, және жеке істі ашу және (немесе) жеке қосалық шаруашылықты дамыту үшін материалдық көмек мақсатсыз пайдаланылса, көрсетілген көмектің сомасы жиынтық кіріске есептеледі;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларының салдарынан денсаулығы мен мүлігіне келтірілген зиянды өтеу үшін берілген көмек;
Тармақша 7
7) отбасыда тұрмайтын тұлғаларға отбасының бір мүшесі төлейтін алименттер;
Тармақша 8
8) тегін немесе жеңілдікті протездеу үшін азаматтардың; сапарларын төлеу;
Тармақша 9
9) протездеу уақытында азаматтарды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) емделу үшін елді мекеннің шек жағына тегін немесе жеңілдік арқылы бару;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай түрдегі көмек: дәрі-дәрмектер; азық-түлік; санаторлық-курорттық емделу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау мен жөндеу), қозғалу құралдары (кресло-арбалар) және басқа да мүгедектерге бөлінген оңалту құралдары; білім алу кезінде оқушылардың тегін тамақтануы.
Тарау 6. 6. Жиынтық кірісін есептегенде ескерілетін ерекшеліктер
6. Жиынтық кірісін есептегенде ескерілетін ерекшеліктер
Тармақ 19
19. Отбасының құрамында деп есептелген, шетелде жұмыс істейтін азаматтардың жиынтық кірісінде еңбекақысы ұлттық ақша түрінде де шетелдік валюта түрінде де есептеледі. Бұл жағдайда шетелдік валюта түрінде алынған кіріс-отбасының жиынтық кірісін анықтау сәтінде Ұлттық банкпен белгіленген курс бойынша ұлттық валютаға аударылып есептеледі.
Тармақ 20
20. Авторлық қаламақы (келісім-шарт болмаған жағдайда), сондай-ақ жаңалық ашу, өнер табу және рационализаторлық ұсыныстары үшін берілген сыйақылар отбасының жиынтық кірісіне оны алған айында енгізіледі.
Тармақ 21
21. Жұмыс беруші төлеген ссуданың, несиенің сомасы жиынтық кіріске енгізіледі және ссуда, несие берілген мерзімге оны төлеген сәттен бастап таратылады (бөліп төлеген уақытта - төленген сомаға және ссуда, несие берілген мерзімге сай).