О подтверждении достоверности сертификата происхождения Күшін жойған
Басқа 0
Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растау туралы
Кеден органдарының кеден төлемдерi мен салықтарды толық алуына әсер ететiн тауарлардың шыққан елiн анықтау жөнiндегi кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Кеден органының жеке тауарлардың шыққан елiн растауының тәртiбi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тәртiптiң 1-қосымшасында көрсетiлген тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер тауарлардың шығу сертификатының шынайылығы расталған жағдайда берiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықпен белгiленген тауарлардың шыққан елiн растау тәртiбi өздерiне қатысты қолданылатын тауарлардың тiзбесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кедендiк бақылауды өткiзу практикасын талдау мен жалпылап қорыту ескерiле отырып жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң Баспасөз
қызметi осы бұйрықтың ережелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықты алғаннан кейiн Кеден басқармалары мен кедендер
бастықтары оның ережелерiн барлық мүдделi адамдарға жеткiзудi қамтамасыз
етсiн.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықты орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк Кеден комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары В. Кирдановқа
жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы бұйрықты баспасөзде жариялағаннан кейiн бiр ай өткен күнi
күшiне енедi.
Басқа 8. Кеден органының жеке тауарлардың шыққан елiн
растауының тәртiбi
ҚР МКК-iнiң
бұйрығына
1-қосымша
Кеден органының жеке тауарлардың шыққан елiн
растауының тәртiбi
Тармақ 1
1. Тiзбесi 1-қосымшада келтiрiлген тауарлардың шығу сертификаттары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетiне ұсынылуға жатады.
Тiзбесi 2-қосымшада келтiрiлген тауарлардың шығу сертификаттары қызметiнiң аймағында осы тауарлардың кедендiк ресiмделуi жүргiзiлетiн Кеден басқармалары мен кедендерге ұсынылуға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Тәртiптiң 1-тармағында көрсетiлген тауарларға қатысты кеден төлемдерiн төлеу бойынша жеңiлдiктер тауарлардың шығу сертификатының шынайылығы расталған жағдайда берiледi.
Тармақ 3
3. Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығы растауға мүдделi адам тиiстi кеден органына жазбаша сұрау салу мен тауарларды шығу сертификатының керегiнше ресiмделiнген бланкiсiнiң түпнұсқасын жiбередi.
Сұрау салу тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растау үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi қамтуы керек. Сұрау салуға тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi, олардың сипаттамалары, суреттерi, бейнелерi, сызбалары, коммерциялық және осы тауардың шыққан елiнiң аумағында толық ұқсатудан куәлендiретiн немесе жеткiлiктi түрде ұқсатылғанын куәлендiретiн кез келген басқа да құжаттар қоса тiркелуi тиiс.
Тармақ 4
4. Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растауға өтiнiштi барлық талап етiлген мәлiметтер мен құжаттар ұсынылған жағдайда ол алынған күннен кейiнгi 10 күн iшiнде тиiстi кеден органы қарайды.
Кеден органы мемлекеттiк органдардан немесе өзге ұйымдардан ұсынылған мәлiметтердi растау үшiн қосымша құжаттарды сұрастырған жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмi осындай құжаттар түскен күннен бастап есептеледi.
Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растауға өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi үш айдан аспауы керек.
Тармақ 5
5. Тауардың шығу сертификаты жарамды деп танылған жағдайда "Қызметтiк белгiлер үшiн" бағанында (N 4 - "А" нысаны бойынша тауарлардың шығу сертификаты үшiн, N 5 - "СТ-1" нысаны бойынша тауарлардың шығу сертификаты үшiн) тиiстi кеден органының өкiлеттi лауазымды адамының қолымен куәлендiрiлетiн" сертификат жарамды деп танылған" жазуы жазылады.
Тармақ 6
6. Жоғары тұрған кеден органы егер төменгi тұрған кеден органы тауарлардың шығу сертификатын жарамды деп тану жөнiнде толық немесе шек келтiретiн ақпарат негiзiнде шешiм қабылдаса, сондай-ақ қолданылып жүрген тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiнiң бұзылғандығы белгiлi болған жағдайда осындай шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
Тармақ 7
7. Осы Тәртiптiң 1-тармағында көрсетiлген тауарларды кедендiк ресiмдеу тауардың шығу сертификатының көшiрмесiнiң (түпнұсқасы растау үшiн жiберiледi) негiзiнде жүргiзiледi, кеден бажы Кеден тарифiнiң ставкалары бойынша алынады.
Тармақ 8
8. Осы Тәртiптiң 7-тармағында көрсетiлген тауарларға қатысты ТМД-ге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарынан шыққан тауарлар үшiн көзделген кеден төлемдерiн төлеу бойынша жеңiлдiктер қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Осы Тәртiптiң 7-тармағында көрсетiлген тауарларға қатысты шынайылығы керегiнше расталған тауарлардың шығу сертификаты ұсынылғаннан кейiн преференциалдық режим қалпына келтiрiледi.
Шынайылығы керегiнше расталған тауарлардың шығу сертификатын кеден
органына ұсынудың ең ұзақ мерзiмi - кеден органының жүк декларациясын
қабылдағаннан күнiнен кейiн бiр жыл.
Аталған мерзiм өткен соң кеден баждарының төленген және алынған
сомалары бойынша шағымдары кеден органдары қабылдамайды және кеден
баждарының төленген сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.
Төленген салықтардың сомаларын қайтару Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растауды ҚР МКК
атынан Кеден кiрiстерi басқармасы жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Тауарлардың шығу сертификатының шынайылығын растауды Кеден
басқармалары мен кедендерiнiң атынан кеден төлемдерi бөлімдерi жүргiзедi.
Басқа 20
Кеден органының
жеке тауарлардың
шыққан елiн
растауының тәртiбiне
1-қосымша
Тауарлардың шығу сертификаттары Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетiне
ұсынылуға жататын тауарлардың тiзбесi
______________________________________________________
СЭҚ ТН Тауарлардың Шыққан
бойынша қысқаша елi
тауар коды атауы
______________________________________________________
1701 99 100 Ақ қант ТМД-ге қатысушы
мемлекеттер
______________________________________________________
0902 10 000 Шай ТМД-ге қатысушы
0902 30 000 мемлекеттер
______________________________________________________
Басқа 21
Кеден органының
жеке тауарлардың
шыққан елiн
растауының тәртiбiне
2-қосымша
Тауарлардың шығу сертификаттары Кеден басқармалары
мен кедендерге ұсынылуға жататын тауарлардың тiзбесi
______________________________________________________
СЭҚ ТН Тауарлардың Шыққан
бойынша қысқаша елi
тауар коды атауы
______________________________________________________
0901 21 00 Қуырылған ТМД-ге қатысушы
0901 22 000 кофе мемлекеттер
______________________________________________________
8471 Ақпаратты ТМД-ге қатысушы
автоматты түрде мемлекеттер
өңдейтiн
машиналар мен
олардың блоктары
______________________________________________________