Об утверждении Правил оказания социальной помощи на дополнительное питание больным туберкулезом на период амбулаторного лечения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 53 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес және туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету үшін ұсынылған Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Т. Томанова) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Щучье аудандық маслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/8 шешімімен бекітілді Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
Тармақ 1
1. Осы ереже «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы осы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау және төлеуді Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атқарады.
Тармақ 4
4. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ әлеуметтік көмек алатын азаматтардың тізімін жасайды, әлеуметтік көмек қаржысын есептеп және аударады.
Тарау 2. 2. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ ЕМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОСЫМША ТАМАҚТАНДЫРУҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
2. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ ЕМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОСЫМША ТАМАҚТАНДЫРУҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдар өтінішіне қоса тиісті құжаттарын тапсырады.
Тармақ 6
6. Туберкулезбен ауыратындарға қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау, оларды тапсырған күннен бастап 10 күн мерзімінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші тапсырылған құжаттардың толықтылығы мен дұрыстығына заң негізінде жауап береді.
Тармақ 8
8. Осы Ережелердің 10 тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартады және арыз берушіге жазбаша хабарлайды.
Тармақ 9
9. «Щучье ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек тағайындамау туралы шешімі сот арқылы шешіледі.
Тарау 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ.
Тармақ 10
10. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) жеке куәлік - ересектер үшін; тууы туралы куәлік - ауру балалар үшін және ата-анасының (қамқоршысы) куәлігі;
Тармақша 2
2) тұратын жерін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің номері;
Тармақша 4
4) банк есебінің көшірмесі.
Тармақ 11
11. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі салыстыру үшін тапсырылады. Тексерілген соң түпнұсқа өтініш иесіне қайтарылады.
Тарау 4. 4. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ ЕМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОСЫМША ТАМАҚТАНДЫРУҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМІ.
4. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ ЕМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОСЫМША ТАМАҚТАНДЫРУҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМІ.
Тармақ 12
12. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек жылына бір рет 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде беріледі.
Тармақ 13
13. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар қазынашылық комитеті және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.